Abai Kunanbayev. Базарға, қарап тұрсам, әркім барар

573b7c1504229f1475d24a80bbf0995f.jpg (940×627)

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,

Іздегені не болса, сол табылар.

Біреу астық алады, біреу - маржан,

Әркімге бірдей нәрсе бермес базар

Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,

Сомалап ақшасына сонан алар.

Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,

Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.

Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.

Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,

Біреуден біреу алып, елге тарар.

Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,

Шамданбай ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.

«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,

Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

 

Three poems

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=33&id=3621

Ардақ Нұрғазы (Ardakh Nurgaz)АБАЙДЫҢ БИІГІ

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=3429

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты