Pawel Marcinkiewicz. Еліудегі еркекке қараудың он үш тәсілі

 8747f1dfb302276751bb0b2bbffd120f.jpg (720×540)

1

Сауда орталығының көп тұрақтарының арасында

Жалғыз қозғалып тұрған зат

Елуге келген еркектің көз жанары.


2

Жұыну бөлмесінде айнаға қарап тұрмын

Одан бастарта алмаймын.

Қарсымда елуге келген адам

Плиткалардың қоршауында тұрған.

 

3.

Елудегі ер адам

Жазғы самал самайын сылайды.

Отыз жылдың алдындағы Ұлы жобаның

Бүгінгі көрінісі.

 

4.

Жастық пен қарыттық

Бір тұлға.

Жастық, қарттық және

Елулер шамасындағы адам.

 

5.

Мен екеуінің қайсысын жақсы көретінімді білмеймін:

Оқу әлде жазу?

Stevens-тің өлеңін.

 

6.

Есік алдындағы шөптесін арасы, қурағаны да, жасылы да бар

Елу жастардағы адам кесіп өтіп барады

Көңіл күйі соңынан қалмайтын көлеңкесі сияқты.

 

7.

Арық адамдар мен ірі денелі адамдар қайшалысады

Елудегі еркекті көріп тұрсыз ба?

Баяғыда әйелдердің көкірегінде қалған елес.

 

8.

Жастар жұмысты опырып істейді

Солай болуға тиіс.

Елудегі еркектің өз табаны ғана басып тұратын орыны бар.

 

9.

Елудегі еркек ұзап барады

Оның жоғалып кетпесі анық.

Шеңберлердің қиысы шым шытырық болса да.

 

10.

Қызыл шырақ өшкенде елудегі еркек

Жолды кесіп өтті

Тиымдар спорт мектебінен шыққан балаларға ғана қаратылмаған.

 

11.

Көлік жүйткіп келеді

Елудегі еркек машинасының көлеңкесімен бір тұлға.

Үрейдің ізі де көрінбейді.

 

12.

Уақыт зымрап жатыр

Елудегі еркек тыныш тұрған жоқ

Жүріп барады.

 

13.

Қар аралас жауын жауып тұр

Аялдамада тұрған еркек

Елуде.  

 

Өлең ақынның «Hymn do dnia – Күн Әнұраны» жыр жинағынан алынды.


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты