Thomas L. Friedman. Путин Еуропаны шырт ұйқысынан оятты

87e1e81e6ec943cde709e3fccf771f44.jpg (1050×1050)

Ақпанның 24 күні Ресей Украинаға шапқыншылық жасап кіргеннен бастап, мен осы соғыс туралы тынбай жазып келемін. Бірақ, Еуропаға аяқ басқан шағымда, Берлиндегі саясаткер, дипломант, кәсіпкерлермен тілдескеннен кейін ғана не болғанын шынымен түсінгендей болдым. Мен В.Путин Украинаға ғана басып кірді деп жүріппін. Жоқ, Путин Еуропаға жорық ашыпты.

 Не деуге болады. Путин 1941 жылы Гитлер Ресейге соғыс бастағаннан кейінгі ең бір ақымақтыққа барып отыр. 

Осы шапқыншылықта орыс әскері ойын келгенін істеді. Олар Украинаның қалаларын, үйлерін, емхана, зауаттарын күйретті, бейбіт тұрғындарды қырып салды, әйелдерді зорлады, тонады, қырды-жойды. Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы алапат босқындар үркуін тудырды. Путин Гитлердің 1939 жылы істеген ісін тап-таза қайталады. Онымен қоймай Путин «ядролық қару қолданамын, кім маған қарсы келсе, соны жоямын» деп өрекпіп отыр. Міне, мәселенің мәні қайда жатыр.

Немістердің неге сексен жыл бойы берік ұстанып келген тежемдері: соғыс аямақтарына қару сатпау туралы шартын бұзып, Украинаға қару беруге келісуінің де сыры осында.

Филандия мен Шведтің НАТО-ға мүше болу шешімін қабылдауы да осы себептен орын алып отыр.   

Жиып келгенде айтарым, бұл соғыс Еуропаны ұйқылы-ояу күйден асына шоқпармен салып қалғандай күйде әсер етіп, оятты. Олар «Путин Украинаға ғана көз алартып отырған жоқ, ол бүкіл Еуропаны уысына ұстағысы келеді» дегенге анық сене бастады.

«The New York Times», 29.05.2022.

Аударған Баян Ардақ

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты