Шын Уи (沈苇). Бродскийдің құшағы

49b11ad2c6413ea9e0c975d8813e2f73.jpg (2880×2880)


«Ой азабын құшағыңа ала біл...»

Бродскийдің студенттеріне солай деген бар

Студенттер тау асып, тас басып, биіктен қарауға құштар

 Кейбірі, тіпті, терезеден сыртқа қарғып, дүйнені тәрік етіп жатады

Төменге қанша жылдам, ауыр, бар пәрменімен құласа, сол рақат

Мұхиттағы киіт сияқты, суды биікке бүркіп, атып жіберетін

Тынық мұхитта, атлант мұхитында және мұзды мұхитта

Жан азабын тартқан жанға кейде дәрігердің дәрі беретіні бар

Ауруды басар ма екен, жеңілдетер ме екен, қайтер екен, деп

Бродский дәрігер емес

Оның беретін түйір дәрісі жоқ

Оның емханада өлік сақтайтын бөлмеде жұмыс істеген тарихы ғана бар

Оған демеуші болған Оден

«Жан азабыңнан басыңды ала қашпа...» деген еді

Бродский болса студенттерге

«Азабыңды қастерле және оны құшағыңды аш!» дейді. 

 

Аударған Ardakh Nurgaz

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты