Henri Michaux. Апарыңыз

456a93327a7c8bce068569cad2f9d557.jpg (940×940)

Мені бір жылдым кемеге апарыңыз

Не заманғы мейірлі кеме болсын

Ролдың діңгегіне

Қаласаңыз

 

Ақ бұйыра жал толқынға жеткізіңіз

Өтінем сол бір шалғайға ұмытыңыз.

Бастаңыз басқа жастылар үйіріне

Қар масатысына алғашқы апарыңыз.

Апарыңыз иттердің апанына

Апарыңыз жапыраққа жатқан түсіп

Апарыңыз сүйісіп жатқандарға –

Бірақ мені күйретіп ап жүрмеңіздер,

Апарыңыз тор доптың кілеміне

Тынысты көкірек сыңғырлы күлкілерге

Апарыңыз сүйектің буынына.

Апарыңыз, немесе қазыңыз да

Топыраққа көміңіз ең абызалы.

Аударған Әзімқан Тышан.   

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты