Czeslaw Milosz.Екінші мекен (Second Space)

e1445a519481d57f9d503fbf9270f795.jpg (1024×673)


Жарық сарай, нұрлы аспан!

 Баспалдақпен баспаласаң, жететісің,

Ақ бұлттардың үстінде мамырлайды гүл-бақшаң,


Рух өзін бүркеген тәннен бұлқынып шыққан сәтте,

Біледі ол біреуінің биікке,

Енді біреуінің төменге тартатынын.


Біз шынымен сол үміттен айрылып қалдық па?

Бейіш пен тозақ, шынымен алыстап кеткені ме?


Бет алар өріс болмаса, әр қадамды қалай нық басып тұра аламыз?

Қылмысы барлар қайда барып өзіне мәңгілік мекен табады?


Біз жетсе, көзіміздің жасын теңіздей төгіп егілейікші бір:

Жоғалтып алған дүниеміздің орны сонымен толатын болса. 

Аударған Ардақ Нұрғазы


(Ұлы деуге тұрарлық қарапайымдылық екі түрлі маскада ғана өмір сүріп тұрады: риасыз тазалық пен өзінде айтып жеткізуге болмайтын қасіретті дүниелер бола тұрса да, оны өтірікке айналдырма-ақ, өз әйнінде, өз болмысында, бүркеп-бүкпей-ақ айтып бере алу. Полияк ақыны Czeslaw Milosz  осының соңғысына жатады. Осы жылдың 14-тамызында ақын 93 қараған шағында Krakow та өмірден озды. Жұрттың дені оның жұрттан озған ақыл-парасаты мен өнерін ауыз толтыра айтады. Айталық, ол 1951 жылы желі оңынан туып тұрған заманның өзінде өз таңдауын жасаған тұлға. Сол тұста ол дипломат болатын. Ол партияның қатарында болмаса да, жалынды жыр жазудан бас тартқан емес. Оны да қарапайымдылықтың бір парасы деп бағалауға болады. Бірақ, Czeslaw Milosz-тың асыра қызыл мақтау өлең жазуға деген құлқының жоқ болғаны анық. «Мен өзімді қашанда ағаш көрем иілген, / қасқайып тұрған оларды сол үшінде үнатам» деп жазды ол 2001 жылы жарық көрген “Milosz‘s ABC”(Milosz’s ABC‘s) кітабында).

...

(«Екінші мекен» жинағындағы өлеңдердің бір бөлімі тәннің қартаюына байланысты ой қортады. Өлеңде ақын көз жанарының әлсіреуі («Мен біртіндеп мынау нұрлы әлемнен алыстап барамын») мен қуатының кеміп бара жатқанын («Менің тәнім айтқаным көнетін емес») сөз етеді. Дегенмен, бұл жинақта ұзақ өмірге байланысты рухтың әлсіреуіне қатысты толғам да бар: тәуекеліңе күмән келеді, ойлаған ойың ісжүзіне аспайды, өнерге өзіңді арнауыңның соңы не болары белгісіз, дегендей. Жиып келгенде, жүрген жолың мен жүрсем деген жолыңның арасы барған сайын ажырап бара жатыр,  деген сөз. Таң қаларлық барыс. Бірақ, амал да жоқ, екі жол айрылып тынбай тағы тұрмайды. Біздер бәрібір жарықтан жылуы мен махаббат іздемей тұра алмаймыз. Өлім мен өмір, өркениет пен жаңжалдың ара жігі туралы тоқталғанда ақын өзін құсқа теңейді, «шекарадан өтіп кетпесек болды» деп түйеді). 

Ақын туралы сілтеме: http://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=33&id=3622

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты