Сайын Мұратбеков (Sayin Muratbekov). Арылу

1dd1dab439e1f156fbf275fcb418c4d2.jpg (1723×1395)

Дәл жаңа жылдың қарсаңындағы кеш болатын. Жапалақ-жапалақ қар жауып тұрды, желсіз тымық ауада вальс ырғағымен үйірілгендей қалқып-шалқып жапалақтайды, киімге қонады, бетке жабысады. Киімге қонтаны — Жаңа жылды қарсы алар қарсаңында әр беріп, көңілді көтеріп, хош қылса, бетке жабысқаны жылмырайып epіп, epiксіз тыжырандырады.

Ымырт түскен кез. Көшеде әрлі-бері асыра сапырылысқан жұрт. Кәpici де, жасы да — бәрі де асығады. Бәрі де көңілді. «Сонда да осы біздің қаланың халқы өте-мөте даңғой-ақ, — деп ойлады, екі қолын қалтасына салып елден ерек сылбыр басып келе жатқан ақын Жалқыбаев. Адам деген қай кез, қандай жағдай да болмасын әдептен айырылмауы керек қой. Ал бұлар болса, міне, алды-артына қарамайды ентелеп. Неменеге асығады екен? Ия, көпке де дауа!

Жалқыбаев енді өзі туралы ойлай бастады. Алдағы жылы жасы отыз беске толады, творчествосына — он бес жыл. Он бес жылдын ішінде төрт жинақ беріпті, аз емес. Мұнымен жасты құрбылардын бip жинақтан аса алмай жүргендері қаншама. Олардың қасында құдайға шүкір клкссиктей емес пе?! Шіркін өмip!.. Шіркін поэзия!.. Артында өлмес өлеңің қалады, ұрпақтан ұрпаққа кетеді, ғасырлар бойы жасайды. Бәрі eciмiңді кұрметпен атап, ceні «қандай адам болды екен, калай өмip сүрді екен?» деп білуге құштар болады. «Қай жасында қандай шығармасын жазды екен?» деп, даталарына қарайды. Сонда биылғы өткен жыл мұның біраз шығармаларының астында тұрады ғой. Ия, биыл біраз өлеңдер жазып-ақ тастады емес пе?! Санауға да болады... Орталық газеттің сұрауы бойынша осы Жаңа жылды қарсы алуға «Келді міне, Жаңа жыл» деген өлең жазды — бip, әскер күніне арнап деген өлең жазды — екі, сегізінші март күні радиодан оқу үшін «Жарыма» деген өлен жазды — үш; Бірінші Майда «Көктем мерекесі» деп әдебиет газетінде басылтан өлеңі — төрт: орыс әдебиетінің он күндігі кезіндегі жазылтан өлең «Ұлы дос» па? еді... бес; осында сессияға келген депутат сауыншы туралы өлеңім — алты; «Октябрь таңы» деген толғаумен — жеті. «Бәсе, аз емес, біраз дүние бітіріп тастаппын-ау... Е, осы бүгіннің өзінде ғана жастар газетінің сұрауы бойынша «Хош келдің, Жаңа жыл!» деген өлең жазып бердім ғой — сегіз... Ойбай-ау, бір жылғы жазғанымның өзі бip жинақ боп қапты ғой. Барлығы қанша жол өзі? Анау — отыз алты; анау — отыз екі; анау — қырық төрт... елу тө...

— Қарағым, тәңір! жарылқасын, уақытың қанша? 

— Сағатым жоқ еді, шешей.

— Иә. Айтқандай, қазір сағат тағу мода емес, қой! — Кемпір осылай деп кете беріп , екі-үш аттап барып қайта қайырылды. — Қарағым, мына қаланың іргесіндегі «Шұғыла» колхозына неше сағатта жетем, Жаңа жылға дейін бара алам ба? Қызым сауыншы еді сонда, өзі депутат, оған бүгін өрден бермек екен, сол қызықтың ішінде болсам деп едім...

— Жетесіз, жетесіз. Қызыңыз кім еді? 

— Ә, білем. Менің оған арнап жазған өлеңім де бар. 

— Ие, өлең жазғам қызыңызға арнап. 

— Қашан жазып ең, қарағым?

Жылқыбаев ойланып қалды. 

— Қашан жазып ең, қарағым? 

— Қашан жазып ем? Былтыр... Жо, оның арғы жылы... жо-жо... оның арғы жылында екен. 

— Рақмет, қарағым! Рақмет! Көп жаса, мерейің өсе берсін!..

Keмпip алғысты үсті-үстіне жаудыра, қолбалан қағып жүріп кетті. «Ғажап кездесу, ғажап оқиға!» — деп ойлады оның соңынан қарап тұрып қалған Жалқыбаев. — Дәл осы қалпында өлең жазу керек. Ішкі астары, философиясы дап-дайын. «Ана қуанышы» деген өлең болады да шығады. Қап, әттеген-ай, осыдан бip күн бұрын болса ғой, Жаңа жылға арнаған өлең етіп жазып жіберетін едім. Қап, қап... жарайды, уақасы жоқ, сегізінші мартқа арнап жазармын. Ал бұл өлең осы өткен жылдың датасын қоярмын. Сонда бұл жылы жазғаным тоғыз өлең болады. Тамаша!..»

Жалқыбаев көшені бойлап тағы да жүріп келеді. Жапалақтаған қар таусылар емес. Шалқып-толқып түciп жатыр, түciп жатыр... «Шіркін, өмip тамаша ғой! Артыңа өлмес өлеңің қалады... Бip жылда тоғыз өлең!... Саны тоғыз дегеннен гөpi он деп неге алмаймын. Мәселен, бip жыл ішінде балаларға жазған бірде-бір жоқ екен. Ия, бұл кемшілік, мойындау керек. Ақынның творчествосы жан-жақты болмас па. Ендеше балаларға арнап: «Ортамызда қарағай» деген өлен жазуым керек. Идеясы, ішкі философиясы — қарағайдай қысы-жазы көтерген өрімтал жас сәбилердің өмipi. Бұл да өтер жылдың үлесі болады. Қойшы, сонымен, өтер жыл өтті ғой, кейінірек таңдамалым шықса, осы он өлеңнің ең болмаса үшеуін кіргізер-ay! Ал таңдамаға әр жылдан үш өлеңнен кіру деген ақынның ақынында-ақ болар. Абайыңның өзінде кей жылын бip-aқ өлеңмен тоқтатқан ғой...

Сөйтіп, кұтылдым-ау, бұл жылдан! Хош делік, ал келесі жылғы жоспарым қандай болмақ? Тегінде, отыз бес жас — ақын үшін кемелденген шақ болуы керек қой. Ойлы, терең философиялы өлендер жазу керек. Қысқасы, кейін зерттеушілер отыз бестен кейінгі творчествомды жаңа дәуір деп білуі тиіс қой. Өзі мен маххабат жайында жаздым. Алғашқы екі жинағым түп-түгел махаббат. Үшінші кітабым — негізінен табиғат лирикалары. Төртіншіме бастан-аяқ туған жерге, Отанға, партияға арнаған өлеңдерім енді, ал өткен жылы кілең мерекелі күндерге арналған күндер бопты. Мұның өзі біржақтылау боп кетіпті-ay. Жарайды, ештеңе етпес. Оның есесіне келесі жылғы өлеңдерім тек философия ой .. болады әлі»

Почта төбесіндегі дәу сағат он бip жарымды соқты. Қолтықтарында орап алған нәрселері бар, бозбалалар мен қыздар жүріп өтті.

— Біздікінде нан жоқ еді, нан дүкенінне соғайық! — деді жігіттердің бірі. 

— Нан... нанның кepeгі не, шампан болса болды! — деп бip қыз сақылдап күледі.

«Miнe осы сөздің де бip ішкі астары бар-ау» — деп ойға қалды ақын. Онан соң кілт бұрылып бұл да үйіне қарай ентелей жөнелді. Әйелі күтіп отырған болар, сарғайып отырған болар. «Сарғайып отыр, жан жарым, ал мен жүрмін сандалып», деп күбірледі де «ішкі ұйқасы бар» деп қойды. Дәл бұрыштан eкi қыз қарсы шыға келді, беттерінде маскалары бар.

— Ах, маменька, бұл Добчинский ғой — деді майысқан нәзік үнмен. 

— Қайдағы Добчинский. Мүлдем Добчинский емес, Бобчинский!» — деді екінші қыз жуан үнмен.

Мұнан әpi eкeyi сылқ-сылқ күліп жүгіре жөнелді. «Қағынған сайтандар, ұғар осылар философияңды!» деп ыза болды Жалқыбаев. 

Үйінде әйелі столды әзірлеп қойып, асыға күтіп отыр екен. Он екіге бip минут қана қапты.

— Қайда жүрсің сонша? Шақырғанға бармадық, ешкімді шақырмадық. Екеуден екеу сопайып қалай қарсы аламыз Жаңа жылды?! Жалқыбаев үндеген жоқ, жымиған күйде әйеліне қадала қарап бipaз тұрды да еркелеткен үнмен: 

— Жылдар деген ізін салып кетіпті-ау жүзіңе жаным. Бірақ мен үшін сол баяғы балғын қалпың-ау — деді. 

— Қойшы әpi, осы сөзді былтыр да, алдыңғы жылы да айтып едің.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты