Alain Badiou. Ақындар дәуірі

2dc2b573c1257148ced20f3417fc273b.jpg (1280×773)

F.Hegel-ден кейінгі тарих философия мен ғылым немесе саясат біріккен заман болды. Поэзия философияның біраз міндетін арқалады. Жұрт жалпы беттік мына дәуір поэзия мен өнерге бағыт алған кезең, деп түйді. Алайда, мұндағы өлең мен ақындар, біз білетін барлық ақындар мен поэзияны айтып отырған жоқ, ол тек төлтума қасиеті бар ақындардың шығармашылығына ғана қаратылған, сондай ақындардың шығармашылық ортасы философияның әлі жетпеген кейбір тұстарда болмыс пен уақыттың өзгеше мүмкіндігін көрнеуге шығаратын қасиетімен ерекшеленеді. Мұндай ақындардың шығармашылығы философияның орынын тартып алушы емес, анық түрде философияның ролын да атқарғысы жоқ. Есесіне, олар философияның кейбір жүгін жеңілдетуге жұмыс істейтін еді. Философияның мүмкіндігі шектеулі болған тұсында, өнердің ішкі әлемінің өзіндік ерекшелігінен пайдаланып, кеңістік пен мүмкіндік ашып, философияның құлашының ашыла түсуіне жұмыс жасайтыны бар. Поэзия осы міндеті атқара бастағанда, ол, бір жағынан F.Nietzsche мен M.Heidegger философиясынан бұрынғы бостықты толтыратын еді. Одан қалды, поэзия да тіл мен тәжіріибені бірлестіріп әкететін өнерге тән қасиет бар, реалды аттап өтіп кете алады, қиялға тән кеңістікте өз әлемін тұлғалай алады.

Ақын мен философтың тартысы ежелден келе жатқан тартыс. Айталық, Plato-ның не дегені бәрімізге белгілі. F.Nietzsche ақындардың атынан Plato-нан есе қайтарған бірінші пайғанбар. Осы тартыс негізінен поэзияның табиғатын айқындады. Descartes, Leibniz, Kant, Hegel-дің қай қайсысын да басқаша елестетуге болады, айталық, матиматик, тарихшы шығады, бірақ, олардан ақынды көру оңай емес. Алайда, Nietzsche-ден кейін философтардың бәрі өздерінен ақынды көретін болды. Олар ақындарға қызғанышпен қарады. Олардың дені дүлей қиялдың немесе ақындыққа жақын қиялы бар жандар. Олар ақын деуге тұрарлық еді. Айталық, Heidegger немесе Derrida, Lacoue-Labarthe-ты айтайықшы, т.б. бәрі айқын түрде поэзиялық түсі бар шығармашылықтың иесі.

Негізі, екі сала өбіскен осы кезеңде философтар шынымен айналып өте алмайтын ақындар өмір сүрді. Hölderlin мен Paul Celan өмір кешкен осы аралықта адам жанына қатысты, болмыспен тамырлас, ортақ кеңістіктің рухан қасиетін ашатын, модериндік адам баласының басындағы қайшылықтарға үңіле алар, дағдарыстардың келбетіне анық қарайтын мүмкіндікті поэзия тарқата алды. Осы міндетті ақындар ғана атқарды. Осы кезеңде уақыттың сыры мен поэзиялық мэетафура үндестік тапты. Уақыт тұрғысынан шектеулі болғанымен, осы тұста философия мен ақындық бір арнада тоғысты.

Философия поэзияға құрметпен қарау осылай басталысымен, ақындар дәуірінің болмысы философия тілімен айшықтала бастады. Michel Deguy тіпті төтесінен: философия, поэзия үшін отқа түсуге дайынсың ба?! – дегені бар. Не десек те, философтар үміт артқан әлгі ақындар өз ролдарын шынымен айта қалсын атқара алды.   

  Аударған Гүлнар АҚАНҚЫЗЫ

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты