Ted Hughes. T.S.Eliot-тың болмысы

3484803271d5a7a6b59c561599a5aaeb.jpg (1000×563)

Ұқсас тілдік орта жағдайында, У.Йейтіске салыстыра, ұқсас талаппен қарасақ, Т.С.Элиоттың бойынан да шамандық ерекшелікті көптеп ұшырата аламыз. Жүйкесі нәзік, көңіл күйінде биязылық басым, жастық шағында ұрынған, жұртқа белгілі жағдайларды бастан кешкен Элиоттың шамандығы Йейтістен әлде  қайда ұшқары әрі салмақты болған. Дегенмен Элиоттың өзіне жүктеген міндеті тұрғысынан айтқанда мәселе әлдеқайда күрделескені байқалады. Сол жүк оған үлкен қасірет алып келді, сонымен қоймай ол ақынға мол табыс та сыйлады. Әуелі бастапқы соққыға ұшыраған шағында оның мәселеге түсінігі анық болған жоқ, соған сай лайықты қорғаныс сипатты өзін арашалайтын мүмкіндігі жоқ еді. Басқа тәсілмен, Йейтісше айтсақ, онда өзін қорғайтын «бойтұмар» болмады. Ол кедергілерді таза әрі пәк күйінде бүкпесіз қабылдады. Осыдан барып «ұлысқа тән қасірет» пен Батыстың басындағы «күні батуға айналған қасірет» тоғысып кетті. Ол қасіретті сол орта мен рухани ауан да қабылдайтын еді. Бұл тұрғыдан алғанда оның түсінігіндегі отаны «ерекше салтанатты әрі қасіретті»  мекен – байырғы киесімен өмір сүретін, бірақ, рухын жоғалтқан мекен - жеке  сана мен түйсігінің бірлігінен тұратын еді. Қасірет пен адам айнымай  тоғысқан бұл жағдайдағы жалғыздық Йейтістің бойындағы жалғыздықтан әлдеқайда күшті балғаны анық. Содан да «тасадағы» төзімділіктің қуаты мен қауқары да өзгеше сезіледі. Содан да оның салмағы мен әсері, түпкі мәні тіпті де маңызды. Жеке адам, бір әлем тұрғысынан ол субъектіге жатады. Енді бір тұрғыдан алғанда,ол жалпылыққа, баршаға ортақ дүние саналады. Элиоттың бойындағы театрланған сананың болмысы да осында жатыр.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты