Супер президеніт орға омақастырмай ма?

Саясатта «оппозиция» биліктегі партияға бәсекелес партия, дегенді меңзейді. Ол бұрын билікте болған, бүгін билікте болмағанымен, келесі сайлауда билікке келуі мүмкін партия дегенді де білдіреді. АҚШ, Англия, Франция, Германия,т.б. батыс елдерінде «оппозиция» осыны меңзейді. Азаматтардың сайлау арқылы таңдау жасауына негіз қалайтын «келісімді саяси жүйе» (Consensus Politics) де «оппозиция» биліктің заңды алмасуының басты кепілі. Ол жүзеге аспаса, елдің саяси жүйесі дағдарысқа ұшырамай қалмайды. Бірден дағдарысқа бармаса да, бәрібір соған барады.
Қазақстанда «Опазатция» бұдан мүлде басқаша түсінікке ие. Айталық тәуелсізідктен (1991ж.) бері Назарбаев 5 рет, Тоқаев 2 рет сайланды. Олардың екеуі де бір партияның өкілі. Қазақстанда бүгінге дейін бір рет те «оппозиция» билікке келген емес. Назарбаев та, Тоқаев та оппозицияны жоғарыдағыдай «келісімді саяси жүйедегі» бәсекелес, қарсылас емес, қайта жан алып, жан беретін жау санайды. Соның нәтижесінде Қазақстанда оппозициялық саяси күш жалпы өмір сүрген емес. Сондықтан да бүгінгі Қазақстан биліктің бейбіт ауысуына негіз қалайтын «келісімді саяси жүйе» де емес. Бір әулет немесе бір партия билікті толықтай қолына алған авторитарлық жүйеде. Біз саясатта кез келген жағдайда қиындыққа ұрынатын елміз.
Орталяқ Азия елдерінде саясат (зайырлылық) пен дін егіз. Олардың тепе-теңдігі бұзылса, оның салдары елдің тағдырына түбегейлі әсер етеді. Олар бірін бірі аңдып отырған бәсекелестер сияқты. Кім қателессе, қарсыласы оны енді қайтып орнынан тұра алмастай етуге сайланып отырады. Соның жарқын мысалы Иран мемлекеті.
1953 жылы билікке келген Мұхаммед Реза шақ елдің тізгінін толықтай қолына алды, оппозицияны қуғындады, өзіне қарсы келмейтін қуыршақ патрияларды пайдаланды, парламентті алақанында ұстады. Сонымен тоқтаған жоқ. 1975 жылға келгенде елде парламентті таратып, қуыршақ партияларды да жойып, өзін қолдайтын бір ғана партиялық супер жүйені енгізді. Нәтижесінде 1979 жылы елде төңкеріс жүз беріп, билікке Рухолла Хомейни басшылық еткен діншілдер келді. Зайырлылық бір күнде аяқтап, дінмен басқарылатын мемлекет құрылды. Иран елі осылайша түбірлі өзгеріске ұшырады. Одай кейінгі жағдай жұртқа белгілі. Иран мемлекеті үздіксіз соғыс, теке-тірестің ошағына айналып келді. Дәл қазір бұл ел діни биліктен құтыла алмай, зайырлыққа жете алмай қан жұтып жатыр.
Байқап отырсақ, осы беталыстың тағанында саяси жүйедегі қателіктің ролы анық байқалады. Саяси жүйеде кемістік болса, ол біртіндеп дағдарысқа апарады. Ал дағдарыс қоғамды анархияға жетелейді. Орталық Азия жағдайында саяси хауыс билікке діншілдердің келуіне негіз қалайды. Діншілдер билікке келсе елде бірден орта ғасырлық діни мемлекет құрып, зайырлылықты жояды. Дінмен басқарсылатын қоғам құруға мықтап кіріседі. Ол қоғамды бұрынғыдан бетер хауысқа апарады. Олар елді экономикалық жақтан тығырыққа тірейді. Бұл мемлекеттің күйреуі немесе ыдырауына бастайды.
Бүгінгі Қазақстан 1975 жылдың алдындағы Иранның жағдайында тұр. Біздің елде де оппозиция жоқ. Оппозиция жоқ деген сөз, ел билігі билікті заңды, дағдарыссыз ауысуына негіз болатын «келісімді саяси жүйені» керек етпей отыр, дегенді білдіреді. Бүгінгі Қазақстан саяси жүйесінде үлкен кемістік бар ел. Қатерлі ауыруы бар адамға ұқсайды. Бізге ендігі жетпей тұрғаны «Супер Президенітік» еді. Саясатта «жолға тәуелділік» (path dependence) деген ұғым бар. Бүгін болмаса, ертең әлгі Супер президеніт амбициясы асқынып, Мұхаммед Реза шақ сияқты «парламетті таратып, бір ғана партия қалдырып, мемлекетті күштік құрлымдармен басқаратын ел құрамын!» десе не дейміз. Иран мемлекеті сияқты елде саяси теке-тіреске көшіп,ойран тозымыз шығып, соңында билікті басып алған діншілдерден құтыла алмай, елу, жүз жыл алысып торғайдай тозамыз ба? Ойланатын жағдай.
Елдің болашағын бүгінгілер немесе қай бір атқамінерлер өздерінің жылы орын тағын сақтап қалу үшін жасайтын орайшыл саясатымен анықтамауы тиіс. Ел тағдырына, болашақ ұрпақтың тағдырына қатысты мәселеде қателік жіберуге болмайды.Абайлау керек.
Ардақ Нұрғазы
