Ұрлығы жоқ адам
Петро Олексійович Порошенко – Украинаның экс-президенті (2014ж. – 2018.) Ол елбасы болған жылы Ресей Украинадан Қырымды тартып алды. Шығыс аймақтағы екі обылыстың жартысы қолдан шығып кетті. Соған қарамастан осы тұлға Украинаны дұрыс жолға салды. Осы кісінің арқасында, қиын-қыстау жағдайда да Украина НАТО сандартына сай дайындалған 200 мың әскер мен 300 мың дайындық қосындарына ие болды. Ол өзінің орынтағы – президенттік билікті сақтап қалу үшін жұмыс істеген жоқ. Ол – алда бір соғыстың болатынын білді, Украинаның соған дайын болуына жұмыс істеді (бізге өте таныс саяси алаяқтыққа барса, П.Порошенко Украина президенті болып тағы бір мәрте сайланa салуға толық мүмкіндігі бар еді). Ұзақты көре білмейтін басқа біреу болса, «жағдай жар бермейді, мемлекетте ақша жоқ, бар болғаны осы» деп ауызды қу шөппен сүртіп, уaқытты өткізіп отыра берер еді. П.Порошенко қалаған негіз болмағанда, қазір жүріп жатқан соғыста Украинаның халы мүлде мүшкіл болатыны анық.
Айтбақшы, П.Порошенко өте ауқатты адам. Ақшаны кімнен болса да жақсы көретіні анық. Жақсы көрмесе, жинай ма?! Бірақ, оның ар-ұяты ақшаны жақсы көруден биік тұрады екен. Ол қолындағы биліктен пайдаланып өзі мен жақындарының қалтасының қамы үшін елін сүліктей сорған қорқау емес. Ал азаматтығы – Отанға, халқына қызмет ету жағынан еш мін таппайсың. Жаратушы жар болған адам, деп осындай тұлғаларды айтатын шығар.
P.S. Бізде де президенттер болды. «Халықты қарық қыламын, Қазақстаннан Кувейт жасаймын» деген. Соңында не болды? Қазақстан Кувейт болған жоқ. Бірақ, әлгі айтқыштар араб байларынанда асып байып алды. Елдің Кувейт болатын ақшасын қалтасына басып шет ел асып тайып тұрды. Және жөнімен кеткен жоқ, қара қазаққа ақыл айтып кетті: екі сиыр сатып алып жандарыңды бағыңдар, деп кетті.
E.Bolatkhan.