Жер бетіндегі диктаторлардың бәрі жек көрген «Диктатор»

793edccd046b4764a93063f6aa0a7cce.jpg (1024×684)

«Кремльден шыққанымда, алдымнан күтіп алған жүздеген журналистер мені жылап-еңіреп шығады, деп ойлады. Мен жылған жоқпын. Менің өмірде алға қойған басты мақсатымды орындадым. Нағыз саясаткер үшін айтқанда оның басты мақсаты өзіндегі билік пен мүмкіндікті қалай сақтап қалудың жолын іздеу емес, қайта мемлекеттің одан ары дамып, алға басып, демократиялануына жұмыс істеу болуға тиіс.»

-       Михаил Сергеевич Горбачёв пен сұхбат. «Time»  2016ж.

 

2022 жылы 30 тамызда, 92 қараған жасында Кеңес одағының соңғы билеушісі Михаил Сергеевич Горбачёв өмірден өтті. Ол жарты әлемді уысында ұстаған империяның әміршісі болды. Шексіз билік пен мүмкіндікке иелік етті. Соған қарамастан Кеңестік жүйені қиратуға жол ашып, шын мәнінен адамзат өркениетінің алға жылжуына ықпал етті. Бастысы, Михаил Горбачёвтан кейін билік үшін бәріне бара беретін, әсіресе, халықты өтірікпен жарылқап, жеке мүддесі үшін көптің мүддесін құрбандыққа шалып жіберетін қараниет диктаторлардың арты ашылып қалды. Ол биліктен бас тарта білудің үлкен мәдениет және адамдық парасат, асқақ этика екенін көрсетті. Сол үшін де Жер бетіндегі билікқұмар, қанқұмар, жемқор, алаяқ, өтірікші, зинақор диктаторлардың оны жек көрмегені жоқ. Бірақ, Михаил Сергеевич Горбачёв тарихта жарқын бейнесімен қалатын тұға екені анық.

Баян Ардақ

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты