Ardakh Nurgaz. Найман мемлекеті немесе құл-құтан билеушілерден құтылатын кез келді
Тарихта сонау сақ, ғұн империяларынан бүгінгі Қазасқтан Республикасына дейінгі қазақтың мемлекеттік қалыптасуына ұласатын сан түрлі жол жатқан болуы мүмкін. Соның бірі БІЛГЕ сөзінен туындайтын жүлге, десек қателесе қоймаймыз.
БІЛГЕ атауына байланысты біз білетін тарихта ең алғашқы әрі ең даңықты жазба - Екінші түрік қағанатының (VIIғ.-VIIIғ.) ханы Бiлге қаған (көне түркіше Arslan Bilge qaγan; қыт. 毗伽可汗 — Бике кыхан, Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағанға байланысты.
БІЛГЕ атауын содан кейін қайталаған Инанш Білге Бұқа хан - Найман хандығының ханы (1143 - 1201).
Бір географиялық аймақта, уақыт тұрғысынан бірінен соң бірі келген, әсіресе билеуші тобы қабыл алған мұндай ортақтық тегінен тегін болмайтыны анық.
Осы дерек Екінші түрік қағанаты мен Найман мемлекетінің арасындағы байланыс біз бүгінге дейін білетіннен әлдеқайда тереңде, ауқымды екенін аңғартады.
Екінші түркі қағанатынан кейін, Найман хандығының өмір сүргенін, хандықтың кейін Шыңғыс қаған құрған Моңғол империясының (XIIIғ.-XVғ.) құрамында болғанын білеміз. Одан XV ғасырда Моңғол империясы - Алтын Орда хандығынан Ақ Орда – Қазақ хандығы тарих сахнасына шықты. Осы жүлгеге үңілсек, қазақтың мемлекет құру тарихы 1500 жылға жалғасқанын анық байқаймыз.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін біз мемлекетіміздің келу қайнарын Кеңес Одағының қарамағында болған кезеңнен, ары кетсе Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей хан мен Жәнібек хан құрған Қазақ ордасынан іздейміз. Бұл арада екі түсініксіз ұғым бар.
Бірінші, Керей хан мен Жәнібек жан Қазақ хандығын құрғанымен, олар түп-төркін жағынан Шыңғыс ханның тұқымы төреге жатады. Олар құрған мемлекетті қазақ өзіне меншіктегенімен (оның аумағында жасаған халықтар толықтай қазақтар болғанына қарап), шындап келгенде қазақтардың өздері құрған мемлекет емес, қайта, империя ыдырағанда пайда бола салған шағын мемлекет ретінде ғана көз алдыңа келеді. Басқаша айтқанда билеуші элита қазақтар емес, маңғолар, қазақтар солардың қоластындағы еркі байлаулы жұрт болған деген түсініктен қашанда арылмайсың.
Екінші, Кеңес Одағы – адамзат тарихында қоғам дамуының қалыпсыз, тосынан соққа құйын сияқты мезеттік туындысына жатады. Оны құрған коммунистердің ұстанымы таптық бөлуді көзге ұстай отырып, өзіне дейінгі жалпы адамзат мәдениетінің бар құндылығын жоққа шығарып, күйретіп, оның орнына шыт жаңа қоғам, мәдениет құруға барып саяды. Басқаша айтқанда коммунистік ұстаным жаратпайды, тек бар дүниені қиратуды мақсат-мүдде етеді. Кеңестік қоғам жабайы, одан қалса құл-құтан құрған қоғамға жатады. Оның «құрамыз» дегені құрғақ қиялға ғана тән, жалған, өмірде болмайтын дүние. Оның өмір сүру периодынан да біз соны көремыз. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік жариялаған Қазақстан Республикасы коммунистік социализмнен бас тартып, Батыстық ұлттық демократиялық саяси жүйені қабылдады. Басқаша айтқанда біз мемлекет туралы түсінікте Кеңестік ұғымнан толық бас тартып, өзіміздің мемлекеттілігіміздің арыдағы – тарих қойнауындағы жүлгесін іздейтінімізді аңғарттық. Солай болмай амал да жоқ еді. Ол мемлекетті ұстап тұрудың кепілі мен қажеттілігі саналады.
Тарихта із қалдырып, өз мемлекет құрған тайпалар бүгін «қазақ» деген ұлттың туы астына отыр. Егер біз Екінші түрік қағанаты, Найман хандығын (қазақ ұлтын құраған тарихта мемлекет құрған басқа да тайпалардың тарихын қабылдай отырып) Керей хан мен Жәнібек хан құрған Қазақ хандығына әкеліп жалғасақ, түйткілді мәселе түбірінен шешіледі. Қазақ ұлтын құраған тайпалардың мемлекет құрған тарихы біздің мемлекеттілігіміздің үзілмеген тарихы болып шығады.
Мемлекетті құратын күш билеуші топ пен халық. Бүгінгі «ұлт» деген ұғым XIX ғасырда Еуропада Ұлы Француз төңкерісі орын алғанан кейін айналымға кірді. Қазақ ұлты, негізі, қырықтан артық тайпадан құрам тапқан бірлестік. Олардың «қазақ» деген бір атауды қабылдап, бір ұлт болып қалыптасуында тарихи себептермен қатар осы тайпалардың билеушілерінің өз ара байланысы ерекше рөл ойнаған. Сол байланыс соңында ұлт болып қалыпстауға негіз қалады. Қазақ мемлекетін, қоғамын ұстап тұрған Төрелер емес, әлгі тайпа көсемдерінің бірлігі. Төрелердің мемлекеттік билігі соның көрінісі ғана.
Бүгінгі дамыған батыс елдерінің саяси жүйесінде «келісімді саяси жүйе» (Reverso Contex) деген түсінік жұмыс істейді. Билікті халық сайлайды, сондықтан билеуші біреу болмайды, көп болады. Осы сайлау арқылы ел билігіне келген көп билеуші келесімге барады «келісімді саяси жүйеге» көшеді. Батыстық демократиялық саяси жүй, деген осы. Байқап отырсаңыз, бұл жүйе Қазаққа, әсіресе, оның кешегі тайпалық бірлестіктен тұратын мемлекеттік құрлымы – Қазақ хандығының саяси жүйесіне өте таныс. Бүгінгі батыс елдері осы жүйені заманға сай пайдаланып отыр.
Қоғам саясаттың себебінен қажеттілікке сай бөлшектенеді. Бұл қоғамның түпкі заңдылығы. Қоғам осы заңдылық негізінде өмір сүреді, дамиды. Батыс елдерінде қоғамды толық ыдырап кетуден аман алып қалатын тарих көшінде өркені үзілмей келе жатқан, әлгіндей тайпалық құрлымдардан бастау алатын элиталық күштер. Негізі мемлекеттің шынайы иесі осылар. Халық солардың негізі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізін тарихтағы Найман және басқада тайпалардың мемлекеттік негізінен іздеуіміз және сол негізде бүгінгі саяси жүйеге өзгерістер енгізуге тиіс. Сонда ғана біз мемлекетті түп-тамырынан ұстап тұратын күшке ие боламыз. Бұл біздің бүгінгі билеуші мен халық мүддесі екі айыр жолға түскен, мемлекет мүддесі аяқ асты болған, жекелеген жемқорлар мен топас (құл құтанның тұқымы) адамдар ел билеген, болашағы бұлдыр жағдайдан құтқарады. Мемлекетке бір әулет немесе соның маңайына топталған ат төбеліндей жемқор-көрсоқыр адамдар емес, қазақты құраған барлық тайпаларға өкілдік етіп, ортаға ойқастап шыққан тұлғалар ие болады. Алып күш деген сол. Қазақстанның Батыстық демократиялы саяси жүйені орнықтыруына да осы жүлге қажет.