Ардақ Нұрғазының жыр жинағы Австралияда жарық көрді

Австралияның тәуелсіз кітап баспасы - «Puncher&Wattman» 2005 жылдан бері антологиялар мен марапаттарға ие өлең, роман, мемуар және сын кітаптарын басып шығарып келе жатқан мәртебелі баспалардың бірі.Баспа 2020 жылы наурыз айында қазақ ақыны Ардақ Нұрғазының «Pebbles, Eggs and the Fence: A Collection of Poetry from Central Asia» атты өлеңдер жинағын жарыққа шығарды. 

Ардақ Нұрғазы ақын, әдеби сыншы һәм драматург. 2006 – 2008 жылдары «Шетел әдебиеті» газетінің бас редакторы болған. «Жалған бостандық кітабы» (2009 ж.), «Арақұс» (2012 ж. қазақ-қытай тілінде), «Дәлдік һәм тұнықтық» (2014 ж. ағылшын-қытай-қазақ тілінде), «Тас баспалдақты көше» (2014 ж.), «A Garden of Trees and Other Poems» (2016 ж.) өлең жинақтарының, «Қазақтың модернистік поэзиясы» (2010 ж.), «Таным мен талғам» (2018ж.) сын еңбегінің, «Сызықтар мен нүктелер» (2010 ж.) әңгіме жинағының авторы. Өлеңдері ағылшын, қытай және орыс тілінде Қазақстаннан тыс жерлерде жарық көрген.  

«Pebbles, Eggs and the Fence: A Collection of Poetry from Central Asia» атты өлеңдер жинағын Австралия-Қытай ақын, жазушысы және аудармасышы Оуяң Ю ағылшын тіліне аударды. Оуян Ю Қытайда туған, 1991 жылы Австралияға Ла Тробе университетінде докторлық диссертация қорғап, Австралияға қоныс аударған. Оуяң Юдың «The English class (2010)»  Австралилияның Оңтүстік шытат гобернаторы сыйлығына ие болған. Екі тілде бірдей жазатын Оуяң Юдың шығармалары әдеби ортада жоғары бағаланады. Аударма мәселелеріне байланысты зерттеу еңбегі жарық көрген. Оуян Ю Кристина Стэд, Ксавье Герберт, Жермен Грир және Дэвид Малуф , т.т.с  авторлардың және Қытай ақындарының шығармаларын аударған.

«Puncher & Wattmann» баспасының негізін 2005 жылы - Дэвид Мусграве қалаған. Австралиялық поэзия мен көркем әдеби шығармаларды басып шығаруға мамандандырылған баспа. Бұл баспадан жарық көрген бірқатар авторлардың шығармалары «Mary Gilmore Award», «the William Baylebridge Prize»,  «Adelaide Festival Award for Innovation»,  «the WA Premier's Prize for Poetry» және тағы басқа сыйлықтардың иегері атанған.

Баян Ардақ 

Баспа туралы сілтеме: http://www.puncherandwattmann.com/

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты