Pawel Marcinkiewicz. Анам айтқан сөз

0769775821306ca8929c30293c613923.jpg (800×661)

Жылырақ бірдеме ки, әйтпесе тоңып қаласың

Мөлшерден тыс дәрумендер қабылдау бөртпелердің

Пайда болуына әкеледі.

Саған қажеті асқабақтың тұқымын жеу.

Киет мырза 46-ға енді келеді.


Қазір оның баласы бар.

Оған бос шығын шығаратын гүлдерді асырау

қажет болған жоқ.

Білесің ғой, әкеңнің қандай екенін.

Дәрігерге көрін, қарасын, керек болса емделесің.


Зоя өте дарынды,бірақ, жалқау

Кошинский Богуслав сондай әдемі сөйлейді.

Саған ғаламтордан пневмококк туралы білу керек.

Көрші байқұс өлкенде, олар оның заттарын

Қоқысқа тастады.


Кофе ағзадан магнийді шығарады

Тура ішімдік сияқты.

Сенің шаштарың сиреп кетіпті.

Мына бір жас әртістер сондай келбетті.

Шіркеуге анда санда баруыңа болады ғой.

Соғыстың алдында сондай азапты болды.


Мария радиосында керемет бағдарламалар бар.

Күні бойы тек осы – төрт бұрыш қабырғаға қараймын да отырамын.

Телефон қатерлі ісік тудырады, дейді.

Сен туылғанда, цианоз болғансың.

Өлең ақынның «Hymn do dnia – Күн Әнұраны» жыр жинағынан алынды.


Ardakh Nurgaz. Two poems in one theme or poets infinitely enrich the philosophical issues

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=33&id=3676

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты