Pablo Neruda. Мен осында қаламын

4b1fc1a6066c1743cb305d56955d7f94.jpg (800×757)

Қанды қанжар түйрелсе де қаншама,

Қаншама рет талықсысын тамсана –

Ата мекен аман қалсын әйтеуір,

Оның нұры жетеді ғой баршаға.

 

Басқа жақтан қаңғып келген

Талай-талай аш-арық

Біздің жерде тойынды ғой жасарып...

Енді мұнда тынышсыздау болса егер,

Әнін салып кете берсін еліне,

Жиған-терген байлығына шашалып.

 

Жаңа өмірдің шырқау үшін жаңа әнін,

Қолымызға жаңа тиген өзіміздің даланың

Көкірегіне гүлдер егу үшін де

Керек емес басқа мекен, басқа елдің

Мен осында қаламын.

Аударған Ф.Оңғарсынова.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты