Li Shangyin (李商隐). Ұстазға арнау (送臻师)

cddd2b1bfb903bd96229219b6d7974a6.jpeg (640×400)


Түнек теңізінде кеше мен бүгіннің, 

Шығыста тамыр тартқан бір түйір дән едің. 

Қай кезде шексіз-шетсіз тұңғиық гүлінде ашыларсың,

Ашыларсың әрбір қауашақта нұрың тасып. 


Аударған Ardakh Nurgaz


«Көп мағаналылық қытайдың ертедегі поэзиясында жиі ұшырайтын жағдай. Салыстыру, сиволдау, аңғарту, бірді айтып екіншісін меңзеу, астарлау, күңгірттендіріп жіберудің бәрі көп мағаналыққа апарып соғады. Бірақ, кейбір көп мағаналы өлең шешіледі, ал кейбірін шешу қиын, тіпті шешілмеуі де мүмкін. Li Shangyin-нің өлеңдері көбінде осының соңғысына жатады...

Көп мағаналықтың келу қайнары әр алуан. Тілден сөзге ұласқан барыс тұрғысынан айтқанда Li Shangyin-нің өлеңдеріндегі образ, тиексөз, сөздің үндестігі мен құрлымының өзі күңгіріттіке бастап тұрады...

Li Shangyin поэзиясындағы көп мағаналықтың негізгі бір келу қайнары ақынның өзінің рухани дүниесінің бейнесін жазуға көбірек мән беретіндігінде жатыр. Li Shangyin-ның өлеңдерінің көбі жан тынысының бір сәттік (орта мен уақыт тұрғысынан) бейнесін көрсетуден тұрады. Мұндай көңіл-күйде қатпарлы, қалтарысты, түйіліп, түйнектелген түйсіктің молырақ болатыны анық. Мұндайда өлеңдегі образ жүйесінің де күрделесетіні таңқаларлық нәрсе емес...»          

https://www.pinshiwen.com/shishu/dajia/20191024250143.html

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты