Salman Rushdie. Біз білетін Günter Grass

c78c58261a660cc2556850e86a2f37df.jpg (1196×800)

Г. Грас Денздің ең айтулы ұлы (бұл атақпен таласатын тағы бір тұлға бар, ол — Вауонса, ол Данзде емес Данскіде (Данздің қазіргі атауы — ауд) тұрады. Ал Г. Грас болса бүгінде Берлинде өмір сүріп жатыр. Бұл қаланың табиғаты Германияның солтүстігінің ауарайына жақын, жазушының қаламынан туған балалық шақ пен өткен күннің көріністері қашанда көз алдыңда тұрады.

Г.Грас қоныс аударушылар əдебиетінің ең негізгі өкілдерінің бірі, XX ғасыр əдебиетінің төрінде де солар отыр десек, біз əсте қателеспейміз. Олар мекендеріне қош айтты да оны қаламдарымен қайта жаратып алды. Милан Кондра Бельградты, Ж.Жойыс Дублинды, Г.Грас Данзды əне сөйтіп қайта өмірге əкелді. Бір бұлар емес, алыста сергелдең болып, шерменде болған талай жанның қойнында өз туған топырағынан əлгіндей түйіп алған бойтұмары бар. Дегенмен бұл жазушылардың бір мойындығына тіпті таңым бар: Г.Грас өзінің өткенін бүгінгі Данскімен айырбастауға тіпті де көнбейді. Біз мұны Г.Грастың шығармаларынан анық байқаймыз.

Белгілі жақтан айтқанда Г.Грас жартылай қоныс аударушыға жатады. Əсілінде əр бір қоныс аударушы ең кемінде үшке бөлшектенеді: алдымен туған топырағынан айрылады; одан кейін ана тілінен басқа тілмен бетпе-бет келеді; одан барып өзін жат сезетін адамдардың ортасында өмір сүруге тиіс болады. Қоныс аударушылардың тағдыры да міне осы үш түйін үстінде айқындалады. Түп төркін, тіл жəне тұрмыс тəсілінде өзгеріс болғанда, бəрі де өзгереді.

Айтып айтпай Г.Граста туған топырағынан айрылды. (мен əлгінде жазушы оны кітабында тірілтіп алды деген болатынмын). Тілінің əуелгі мəнерінен де көз жазып қалды: жазушы жас кезінде қолданған Карчұт жерлік акцентін сақтаймын дегенімен де сақтай алмады. Дегенмен Г.Грас өзіне таныс ортада қалған жазушы. Оның шығармалары неміс мəдениетіне терең тамыр тартып, Шығыс, Батыс деместен екі Германияға бірдей құндылықтарды мықты сақтаған. Содан да Г. Грастың бойында жартылай немесе үштен бір бөлек қоныс аударушының тағдыры бар.

Жазушының өзі айтқанындай оның балалық шағы үлкен бір аулада, фашистік дүние танымды қалыпты өмір деп қабылдаған ортада өтті. Соңынан соғыс аяқтады да американдар келді, жас Грас содан кейін барып Германияға қатысты бұрын естімеген аңыздарды ести бастады, фашистердің өтірігінің сырында ол осы кезде ұқты. Бұл бөлекше бір кезең болатын: күні кешеге дейін көзбен көріп, қолмен ұстап келген дүниең шылғи өтірікке шыққан, онымен қоймай өзіңнің сол жалғандықтың аяусыз мазағына ұшырағаныңды да сезген кезің еді. Алдыда тұрған міндет те ауыр болатын: қираған дүниеден жаңа өмір жасау керек болатын.

Мен жазушының басындағы бұл кезеңді бір реткі қоныс аудару — ескі дүниеден жаңа дүниеге орын ауыстырған кезі деп есептеймін. Екінші дүниежүзілік соғыстың ақырласуы мен ілесе келген екіге қақ жарылған сұмдық жағдай немістер үшін де, жазушы Г.Грас үшін де жан төзгісіз азапты кешірме болғаны анық. Байқап отырсақ жоғарыдағы қоныс аударушылардың басында болатын үшке бөлшектену Г.Грастың да басында болған. Соғыстан кейін ол туған жері Данзден бір жола айрылып қане қоймай, біртұтас елінен де айрылып, жартыкеш жанға айналып қалды. Екінші ол тілде бөлшектенді. Г.Грас фашистер заманы неміс тіліне аяусыз ойран салып кетті, біз соның елесінен құтылуымыз керек дегенді үнемі аузынан тастамайды. Бұл да өз тіліңді қақ жара отырып, қаныңды сорғалата отырып өз бойыңдағы дертпен өзің күресу деген сөз ғой. Бұл жолда “қирандыдағы əдебиеттің” шаңырағын көтергендер — Г. Грас солардың ішіндегі айтулысы болды — тіл тазартуды, неміс тілін түлетуді өздеріне міндет етіп арқалап алды.

Жазушының үшінші бөлшектенуі қоғамдық жақта болған. Немістер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өздерінің өткенімен біржола ат кекілін кесіп, шыт жаңа қоғам жасауға кірісті. Əсіресе неміс зиялы қауымы осы міндетті өздері біліп атқарды. Г.Грас міне осы топтың қайнаған ортасында жүрді.

Содан да мен Г.Грасты қос қабат қоныс аударушыға балаймын: ол уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да аты затына сай қоныс аударушы болды. Оның жазған романдары мен басқа да еңбектерінің бəрінде де оның осы бейнесі көрнекіленіп тұрады.

Жазушының жоғарыдағы үшке жіктелуі көп нəрседен дерек беріп тұр: реал дегенді де қолдан жасауға болады екен, реал жасалудан бұрын ол өмір сүріп тұрмауы да мүмкін; оның үстіне оны да қолдан жасалатын басқа заттар сияқты бұрынғысынан да жақсырақ жасауға, немесе жаман жасауға болады. Шегаралар аттап қоныс аударған Г.Грасты осы өресіне жеткізген меніңше əлгі күмəншілдігі. Ол қатып қалған ақиқат дегендерге мүлде сенім артпайтын, соңғы қортынды дегенге де пысқырмайтын адам. Ол бəріне күмəнмен қарайды. Бұл жағынан ол дүниедегі аты затына сай санаулы жазушылардың ішіндегі елден ерегі. Егер оны таңбалау қажет болса, таңбасы ұлу (Г.Грастың “ұлу” деген əйлігі еңбегі бар — ауд) болмағанның өзінде, сөзсіз сұрақ белгі болады. Бұған менің сенімім кəміл. Тарихтың өзгеше сəтінен сабақ алған, онымен қоймай қоныс аударудың ашты дəмін татқан жан ретінде ол қашанда өзгелердің көзқарасына да байппен қарайтын жан.

“Ұлу” туралы айтқым келіп отыр. Қоғамдық демократияның үлгісі ретінде қалап алынған жұмсақ денелі бұл жəндік арқасына қабыршағын көтеріп алып, ақырын аяңмен, аспай-саспай алға жылжиды. Оның Г.Грасқа ұнайтыны да сол қасиеті болса керек. Біреулер осы тұрғыдан жазушының “жайбасарлығын” сынап жатады. Менің ол дауға қосылғым жоқ, дегенмен Г.Грас ядролық қаруды құрту мəселесіне келгенде сынға ұшырайтындай əсте шабандық танытқан емес. Ол өз ұстанымынан əсте айнымайтын жазушы . . .

Г.Грастың «адамзат құрдымға бет алды» деген еңбегінде мынадай сөздер бар:адамзат тарихында жазушылар бірінші рет өз ұрпағының жасай беретніне кешегісіндей сене бермейтін дəрежеге жетіп отыр. Соның нəтижесінде: “мен кітап жазуды жоспарлап жатырмын . . . мынау ойрандалған дүниемен, құруға бет алған тіршілікпен, өзіммен жəне өзімнің рухани дүниеммен қоштаспақпын, менің жаным мен тəнім сол сəттің таяп қалғанын сезеді” делінген. Бұл жазушының қараңғылық келерден бұрын, ақырғы сəтте жазған жоқтау жырына ұқсайды. Дегенмен романдарындағы мұндай ұстанымынан сырт, жаушы саяси өмірі мен мақалаларында тағы бір қырымен жиі көзге түседі: жазушының “біз əлі өлгеміз жоқ!” деген əйгілі сөзі бар. Мүмкін біз батпаққа белшемізден батқан шығармыз, бірақ шипамыз біткен жоқ, бір үзік деміміз бар екен, біз күресеміз, алға ұмтыламыз, сеніміміз үшін майданға шығамыз, ойланамыз, мəселеге жауап табуға тырысамыз, бір ауыз сөзбен айтқанда “үмітті” əсте өз қолымызбен өшірмейміз дейді. Міне бұл біз білетін Г.Грас.

Аударған Гүлнар АҚАНҚЫЗЫ.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты