Derek Walcott: Біз деген, Гомердің сарқытымыз...

c23b354dcc4f60959767adae42d50e62.jpg (1024×576)

Поэзия ақаусыз сұлулыққа ұмтылғанда, тепсіп шыққан тер. Ол тас мүсіннің қасқайған өр тұлғасында мөлдіреген тұнық шық сияқты таза болуы, табиғат пен адам еркінің тас мүсіндегі айнымас бірлігін аңғартып тұруы, өткен шақ пен бүгінді тоғыстырып жіберуі тиіс. Егер, өткен шақты тас мүсін деп қарасақ, оның денeсінде шершіп тұрған жауын суының жарқынын бүгін, деп қабылдауымызға болады. Тіл қашанда тасада, ақынның әрбір сөзді тірілтетін шабытты шағын күтеді, поэзия өзін қазбалайды немесе сен өзіңді өлең арқылы сезінесің және танисың...

Егей теңізінің жағасында қаңылтақтай кішкене бала (Гомерді меңзейді) суға тастаған тастан өр толқын көтеріліп, содан «Илиада» мен «Одиссея» пайда болғаны сияқты, арада мыңдаған жыл өткен соң Кариб теңізі аймағындағы топ аралдарда тағы бір ақын - Saint-John Perse өзінің жарты әлемді жаңғыртқан «Ұлы жорық» эпосымен ғасырлардың тасасында қалған миф пен аңыздың үнін осы заманға жеткізді. Мен де сола аймақта, таңнан-таңға жауатын жауын мен көк нілді даланың иісі бұрқырған өлкеде өмірге келдім. Ақын үшін әрбір күн арайлы таң. Тарих деген ұмтылған түстерден қалған шашылған парақтар. Тарих пен тәбиғаттың сыйы қашанда ақындарды жебеп, жемісті етеді. Тарих қалай құбылса да бәрібір поэзия өзінің әлемге жылу мен махаббат сыйлайтын қасиетінен бас тартпайды.     


Ақынның Нобель сыйлығын алғанда сөйлеген сөзінен

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты