Ben Okri: Африка жазушыларына қандай бостандық қажет?

0f8b2fa6578351694324c66bd16a5e02.jpeg (602×445)

Okri рухани қайыршылық қайталау (жаттандылық) мен қатып қалған дүниелерге жармасып алудан тұрады, деп қарайды: Африканың қара тәнді жазушыларының бұған дейін өздеріне таңдап алған тәсілі ақ тәнді адамдардың түсінік-талғамына сай дүниелер жазудан тұрды. Оның аталған тақырыптағы мақаласы өте қызықты. Ол бұған дейін де айтылған Helon Habila мен NoViolet Bulawayo-дың «бізге жаңа дүние (тақырып) керек» деген сөзін жаңғыртады. Habila кезінде «Африка прозасы бүгінде тар өрісте тыпыршып қалды» деген болатын. 

Егер Okri «біз өзгенің сілтеген жолымен жүрмеуге тиіспіз» десе, онда Африка жазушылары шығармашылықта неге Okri-дың айтқаны бойынша жүру керек, деген ой да туады. Бұл тақырыпты одан ары жалғасақ, дөп дүние айтуға болады... 

Жиып келгенде айтарымыз Африканың қара тәнді жазушыларына Okri айтқандай рухани бостандық керек. Ол шығармашылық адамын жаттанды дүниені көзсіз қайталудан, өзгелердің салып кеткен сүрдегінде қалып қоюдан, қала берді жалған дүниелердің жетегінде кетуден қорғайды. Себебі,  Okri айтқандай «өмірдің өзі бізден еркін адамға тән мінез болуды» талап етуде. Африка жазушылары үшін бұл қажет екені анық нәрсе. Енді бір тұрғыдан айтқанда бізге жақсы жазушыдан гөрі жақсы оқырман тіптен қажет екен. 


Тақырып туралы сілтеме: https://www.theguardian.com/books/booksblog/2014/dec/30/african-writers-instructions-ben-okri

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты