A. James. Абсурд театр және Э.Ионеско

9dccec682691923c27b5fd8d962e568d.jpg (640×464)

1938 жылы (естен кетпейтін жыл емес пе), Э.Ионеско Румин үкіметінің қаржылай қолдауымен Парижде диссертация жазуға кіріседі. Мақала «Бодлерден бергі Франция әдебиетіндегі сұрқиялық пен өлім тақырыбы» деп аталатын. Соғыс ақырласқан тұста Э.Ионеско 33 жаста еді, оның бойынан келешекте драматург болады-ау, деген еш белгі байқалмайтын. Martin.Esslin оның ағылшын тілін қалай үйренгенін, осы оқу барысында нелерді басынан өткізгенін, ағылшын тілін үйренетін топқа кейiннен қосылған Смит мырза және оның ханымымен қалай танысқанын, осы кісілердің кейін қайтып пьеса кейіпкеріне айналып кеткенін жазды. Сыншы жоғарыдағы пьеса сахнаға дайындалып жатқанда, өрт өшірушінің аузынан жаңылып шыққан бір ауыз сөздің қайтып пьесаның тақырыбына айналғанын да жазады. Міне, бұл Э.Ионесконың жұртқа кеңінен таныс «Тоқыр бас әйел әншi» (La Cantatrice Chauve) пьесасы.

Э.Ионеско сын-мақалалар жазу жағынан «Абсурд театрды» қалыптастырған драматургтердің қай-қайсысынан да өте көп еңбек етті. Бұл жағынан оны осы ағымнын «тағайындалмаған баспасөз хатшысы» деуімізге де болады.

1958 жылы К.Тунанмен арадағы айтыс-тартыста Э.Ионеско өзін театрға байсалды қадаммен, ойланып-толғанып барып келгенін аңғартады. Р.Н. Кел оны «драматургтердің iшiндегi ең бір өзіндік мінезі бар тұлға» деп бағалайды. Шығармаларының саны қомақты болмағанымен, Э.Ионеско жұрт жағынан қызғын қарсы алынатын драматург. Сыншы Э.Ионесконың кашанда екі дүниеге назар аударатынын: адамзаттың басындағы хал және соны театр арқылы жеткізудің жолын іздеуден танбайтынын жазады.

 Э.Ионескоға соқтыға сын айтқандар көп болды. Оған, әсіресе, К.Тунан өршелене тиісті. Онын айтысынша бұл драматург көрерменіне ештене бермейді, екен. Бұндай айыптауларға драматург өзі ұнататын В.Набоковтын «мен олай ойламаймын, мен жазушымын, пошташы емеспін!» деп жауап беретін. Э.Ионесконың пьесалары жұртқа ақыл айтпайды, тіпті өзінің негiзгi ойын тіл арқылы толық жеткізуге де құлықсыз. Р.Н. Кел бұл шығармалардың будда іліміне ұқсаған «ашып айтпай тек аңғартатын» қасиеті барын ескертеді. Бұл драматургтер адам өмірінің мәні бар делінсе, ол ақылдық түсінікте емес, қайта аңдаусыздық пен жеткізе алмаушылықта; Батыстың рухани әлеміндегі бәрін ақыл шешеді, деп қарайтын пәлсапасының түпнегізі әлсіз, оның соңы су аяғы құрдымға апарып соғады, деп қарайды.

 

Э.Ионесконың өзіне келсек, ол құлазудың кері бетінде мағына бар, деп қарайтындай. Құлазу дегеннің өзі адамның мағынадан алыстауы ғой. Драматургтың ертеректегі шығармалары, негізінен, батыс дүниесінің екі негізді рухани түсінігіне: себеп-салдарлық байланыс пeн тұтастық мәнге ие болады, деген көзқарасқа қарсы келеді. Ғылым бәрін шешеді, деген пайымға сенбейдi. Бұрынырақтағы жазушылар бейақылды дүние туралы ойланатын, ал Э.Ионеско тіршіліктің өзі бейақылдық болмыстан тұрады, дегенге сенеді.

Э.Ионеско өмір мен сахнадағы өмірдің бейнесіне тең мән беретін драматург. Театрдың азғындауы - өзі айтқандай - оны театрға бастап келген. Ол өзі жетпек болған мақсатын былай түсіндіреді:

«Рухани дүниені писихологиялық қазбалаудан арылып, оның орнына формалык iзденiс келуi керек. Teaтр дегенің жандүниенің мейлінше жұлқылануы, жандүниеге сіңген реалдықтың паршалануы. Ол тілдің де шым-шытырыққа, үзіліске толы соқпаққа түсуі».

Трагедия мен комедияға дұрыс анықтама беру ежелден оңай болмаған. Бүгінде кейбіреулер «қазір трагедия бар ма?» -деп сұрақ қоюда. Айталық, Ж.Сменел жазган «Трагедияның өлімі» енбегi бiздiн алдымызға осы сұрақты көлденең тартады.

Э.Ионеско шығармашылықта шектеуге ұшырамайтын драматург. Оған саясат та, дiн де кедiргi бола алмайды. Оның пьесалары жұлқынып тұрған көңіл ашар дүниелер де емес. Дәстүршілдер театр көрерменнің көңілін көтеруі керек десе; енді бір сыншылар театр жұртқа тәрбие беруі керек, дейді. Э.Ионесконың «Құлшыну» пьесасы осы ойдың екеуіне де мысқылмен жауап береді.

Э.Ионеско тілдін қолданысына ерекше көңіл бөледi. Р.Н.Кел атап өткендей Э.Ионеско тілді өзінше дербес тіршілігі бар бір деңгейге көтерді. Ол А.Армаудтын «сахна деген толтыруды талап ететін бостық» -деген сөзін қуана-қуана орындайтын драматург.

Э.Ионесконың кейіпкерлерінің түптің түбінде жалғыздыққа баратынын аңғарылып тұрады; С.Беккетке ұксамайтыны Э. Ионеско адамдык елестен кұлантаза арылып, жетімдік көрген пендені ақыр соңында қатал тәсілдермен болса да мейiр мен сүйіспеншілікке қарай жетелейді. Үміт тe мiне осы жерден басталады.


Аударған Гүлнар Ақан

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты