Fredrik Jameson: Архитектура. Cubism. «Guernica»

4809c70dcfb4445e1c3ae9a6f442578e.jpg (1020×446)

«Постмодернизм» өткен ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында көбірек ауызға алына бастады. Оның басты көзге түскен жері архитектура саласы. Архитектура бірінші болып «Постмодернизм» деген атауды қолданды. Олардың ойынша архитектурада модернизмнің күні батты, ол өліп тынды, енді біз постмодернизм кезеңіне өттік... 

Біз әлгінде модернистік архитектураның  бір тақырыбы утопияның саяси эстетикасына құрылғаны туралы айтқан болатынбыз. Ендігі сөз осыдан өрбитін Picasso-ның «Guernica» суретіне қатысты. Былайғы жұрт модернизм формаға құштар, соны қуады, оның саясатпен ауылы алыс, дегенге құлағы үйренген. Бірақ, Picasso-ның «Guernica» картинасы испан ішкі соғысы кезінде немістердің қолымен қираған Guernica елді-мекеніндегі қырғынға бағышталған. Оның үстіне бұл картинаны суретші испан халқына дем беру мақсатында салғанын ашық жариялаған болатын. Сондықтан, бұл туындының екі жақтылы мағынасы бар.

 «Guernica» да Cubism ойды жеткізудің тәсілі ретінде пайдаланылған, тіке саясатқа жұмыс істеп тұр. Біз алдымен мәселеге реализмнің тұрғысынан қарайық: неге соғысты және оның қатігездігін модернизмнің тәсілімен бейнелеу керек болды? Модернистердің түсінігінше, егер реалист суретші соғыстан қираған Guernica-ның бейнесін салса, ол қалайда Guernica-ның өзін – қыстақты, оның адам айтқысыз қираған көрінісін салады. Немесе картина тек Guernica-ны ғана бейнелеп береді. Одан арыға бара алмайды. Ол картина Guernica-ның сұмдығын бейнелегенімен, Guernica-дан туындайтын соғыстың алапат зұлымдығы мен қатгездігінің жалпылық бейнесін жеткізе алмайды. Ондай картинада үлкен шектемелік бар. Модернистер соғыс пен қатігездікті бейнелегіміз келеді екен, неге тек Guernica-ны ғана бейлелеуге тиіспіз, АҚШ-тағы қара тәнділердің ауыр өмірі мен тірлігін де қосып бейнелейік немесе жалпы соғыс пен соғысқа қатысты қатігездікті біртұтас көрсететін туындыны неге жаратпасқа. Содан барып модернизм өз құдіретін көрсетеді: Символизмнен бастау алған бейнелеу тәсілі нақтылықпен ұштаса отырып өзгеше шындықты – релизм жеткізе алмайтын дүниелерді берген...

Бұқамен сайыс испан халқының ұлттық спорт түріне жатады. Оның енді бір ерекшелігі бар, құрбандық шалу сипаты. Бұл тап таза әрі қою испан мәдениетіне тән белгі. Осылайша «Guernica» жеке заттардан тұтас символдық бір әлемді кескіндеп шыққан. 

Біз әуелі қандай ерекшелік барына назар аударып картинаның бәр бір тұсына үңіліп көрелік. Алдымен көзге түсетіні картина ақ-сұр бояудан құрам тапқан күңгірт бейнеден тұрады. Картинаны оңнан солға қарай оқып түсінуге болады. Бөлмеден от шыққан, онда бір терезе бар, бір әйелдің аяқтары созылған, енді бір әйел қашып бара жатқандай, үшінші әйел терезеден сыртқа қарап бар дауысымен құтқаруды талап етіп айқай салуда, шырақ, үйдің төбесі көзге түседі және бір мүсін қирап жатыр, ойыңа орта ғасырдан қалған шіркеулердің сұлбасы келеді, бұлардың бәрі шым-шытырық ретсіз, бірақ, бұлар Испанияның өткенін, оның шұғылалы тарихымен ұштастырады. Бұл жердегі элементтер көп дүниеге бастайды: испандардың жаңа құрлық ашуы, индияндар қырғыны, қала берді Испанияның өз топырағында морлармен (мұсылмандармен) жаңжалына қатысты қырғыншылық туралы ой бар. Бұл жерде суретші екі түрлі қасіретті – өткен мен бүгінгі қасіретті шендестіріп берген. Мұнда Дон Киходтың да барын ескерткім келеді. Картинада найза  жылқының мойнына шаншылған көрініс бар...

Модернизм осылайша бір текті емес, әр текті тәсілді біріктіре отырып өзінің идеологиясын жасаған. Picasso  «Guernica» картинасымен осы түйінді әйгілейді.                

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты