Anuar Abay. Тауға қарап

ab5a9ee5b6c8014378dd37b095554e31.jpg (1080×1240)

Біден алыс бұлтқа тиген көк мұнар,

Бұлағына болып едім көп құмар.
Жағасынан суарған емтайымды,
Соған ұқсап кіршiксіз боп кетeм ар.

Сай-саладан өрушi еді көп киік,
Ормана оранып ап көп биік.
Желмен толқып теңіз құсап көк шалғын,
Көңілшек бұлт әне-міне кетті иіп.

Шөп арасынан бөдене ұшса пыр етіп,
Маңдайларда тершуші еді нұр өтіп.
Кекілiктер қыйқуласа жорғалап,
Балалықта кетті солай дүр етіп .

Биналардан тауға қарап тұрамын,
Тау емес пе бала кезгі жыр-әнім.
Сағым арасынан көріне ме әлдене,
Орай туса аттың басын бұрамын.

Қыстау-жайлау қалған екен иендеп,
Жұпар самал, шөптің иісі жиі емдеп.
"Иіт көйлегім" 
Қай қыстауда қалды екен,
Іздеп жүрем түсімде ылғи кием деп.

Таулар менің көңілiмде тұр асқақтап,
Сол тауларға апарады бастап бақ.
Таудан ұқтым қайсарлық пен сабырды,
Жігерсіздік, намыссыздықты тастатпақ.

Осы таудың маған етене аң, құсы,
Табиғаттың өнеге ғой мәңгі ісі.
Туған өлке қашанда ыстық адамға,
Қырау қабақ
Бірақ қатал қам қысы.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты