Ardakh Nurgaz. Бұл, сәбилер көкке ұшқан көктем

bdce1cdbaccbc1d250164a74441dd1f4.jpg (773×435)

I

Тағы бір көктем,

Тағы бір, дейтінім

Есіме Т.С. Элиоттың «Шөл дала» поэмасының алғашқы тармағы түсі.

«Сәуір ең бір қатігез ай...»

Жер бусанып, тоңның кіреукесі сөкіліп, тіршілік бас көтеріп

Аруақтар тіріліп, үн қатып жатыр.

 

Жоқ, бұл көктем емес,

Әлдеқайда соғыс жүріп жатыр.

«Көктем мен соғыс» бітіспейтін, қиыспайтын

Бірін-бірі көрмейтін де, білмейтін

Күндіз бен түн сияқты екі әлем.

Бірақ, соғыс болып жатыр!

Украина отқа оранып, қирап, адам мәйіті көшелерде шашылып жатыр.

Осы сұмдықты көзбен көргеніме, тіпті, сене алатын емеспін.

Көктемнің, Украинаның қарлы, лайсаң, батпақты даласында

Бас көтерген тіршілік емес, өлім!

Күйреген қала, опырылып ортасына түскен отбасы

Жылаған сәби, зарлаған әке мен шеше!

Айдың-күннің аманында, күллі адамзаттың көз алдында

Өтіп жатыр қанды қырғын.

Бұл соғыс! Бұл қанды қасап!

 

Бұл көктемнің, тіршіліктің үні емес, соғыстың үні.

 

Бұл соғыс бас көтерген,

Жауыздық орнынан тұрған,

Қатігездік атқа мінген,

Адам қаны суша шашылған көктем.

 

Бұл тіршілік өлім құшқан,

От пен оқта

Сәбилердің жаны көкке ұшқан көктем.

 

II

Сәбилер, рух, жан, періштелер деуші еді

Жер бетіне келген...

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты