Lars Forssell. Өлең өлді, дедің бе... (You say poetry is dead)

080aabbf9b4750e43b3bdee174208cd3.jpg (400×400)


Өлең өлді, дедің бе

Немесе өліп бара жатыр-ау, шамасы

Бірақ, боққарын досым, бір дүниені ұмыттың

Өлең де дәл сен сияқты өмір сүріп жатыр

Өлім екеуіңмен де көрші тұрады

Ол төменде

Аяқ басқанда сықырлайтын баспалдақтың астында

Подъездегі қараңғыда тұрады


Тамшы ән салады

Ағашшы да бір әуенге құмар

Супермаркеттің сатушысы мен бұғалтырының да анда-санда

Ыңылдап қоятыны бар

Саясаткерлердің де кейде өлеңге бергісіз сөйлейтінін

Оппозацияның да жұлқына шешенситінін айтпай-ақ қой

Мені мен сен және көрқазушы да бұл жағынан еш қалыса қоймаймыз    


Әрбір адам

Әрбір тіршілік иесі әнге құмар

Әндетуге құмар

Тек өлім келіп еденіңді қаққанша


Аударған Ardakh Nurgaz

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты