Gao Xingjian. Киелі тау

2b5944817b54b2282ae7ac2aa608d42b.jpg (1080×691)

 

(Романнан үзінді)

 

81

 

Терезенің сыртында, қарда жатқан кішкентай бір бақаны көзім шалды. Бір көзін ашып-жұмып қояды, екінші көзін селт еткізбейді. Тура маған тесірейе қарайды. Мен оның Тәңірі екенін таныдым.

Ол осылайша менің алдымнан шығып тұр. Мен тани аламын ба, жоқ, соған байланысты нәрсе.

Ол бір көзін ашып-жұмып менімен тілдесті. Тәңір тілдескенде адамға өзінің дауысын естірте бермейді. Мен бұған таң қалғаным жоқ, осылай болуға тиіс, деп түйдім, Тәңірі тілдескенде, бір көзін қимылдатып, екінші көп-дөңгелек көзін мыз бақпай қарап тұрып тілдеседі. Оның мендей бейшара жанға назар аударғанының өзі үлкен мейірімділік.

Оның бір көзі, анау қатпары бір ашылып, бір жабылған көзі адам баласы түсіне бермейтін тілде сөйдейді. Мен түсіне аламын ба, жоқ, оның Тәңірімен көп қатысы шамалы.

Менің сол ашылып-жабылып тұрған көзде еш мағына жоқ деуім мүмкін, бірақ, ондағы мағынаның өзі сол мағынасыздығында жатыр.

Таң қалатын ештеңе жоқ. Тәңірі, маған, нені болса да қуарлап қоймайтын жанға тап солай деді.

Ендеше, неге телмеңдеп, өмірде өңмеңдеуге құштармыз, деп сұрады мен модан.

Айнала құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Қар қапалақтап, үн-түнсіз жауып тұр. Айналаның мимрт тыныштығы алаңдатқандай. Бейіште де осындай тыныштық шығар.

Қуаныш, шаттық атынмен жоқ, қуаныш, шаттық деген мұң ғой.

Тек қар ғана толласыз жауып тұр.

Мен өзімнің дәл қазір қайда тұрғанымды анық аңғара алмай тұрмын. Бейіштегі жауып тұрған бұл қардың қайдан пайда болғанын да білмеймін. Мен тең айналама тынбай көз саламын.

Мен ештеңені түсініп тұрғаным жоқ, бірақ, бәрін білемін, деп өмір сүрдім.

Мәселенің мәні сонда, әлгі ту сыртымда бағып тұрға көзде. Мен болсам түсінбесем де, түсіндім, деп соғып келдім.

Түсінбесең де, түсініп тұрмын, дейсің.

Негізі мен ештеңені білмеймін, білген де емеспін.

Бары сол.  

 

Аударған Ardakh Nurgaz.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты