Wallace Stevens. Т.С.Элиотқа құрмет

389740ecda0b0d2e69f4f2878325a904.jpg (1200×800)

Т.С.Элиот туралы тағы не айтуға болады. Оның алапат даңқының өзі үлкен салмақ екені анық.

Мынадай да жағдай бар, сен оған мейлінше ие боласың, ол ақынның шығармашылығына мол мүмкіндік сыйлай алады, оны күйрете де алады.

Мен анда-санда Элиоттың өлеңдерін қолыма алған сәтімде, оқимын, сонда миымда не болып, не қойғаны туралы білмей қалатын кезім болады. Айталық ыңғайсыз бір жерде өте даңықты бір картинамен ұшырасып қалған адам сияқты күй кешесің. Айталық, Giotto di Bondone-дың шығармасына ұшырасып қалдың, дейік.

Былай айтайықшы, шіркеудің орындығында отырып Элиотты оқысаң, жастығың ұзаққа шабатыны анық. Ал кетеуі кетіп, жүйесі босаған мына дүниеде ол айтып-айтпай жапакеш дәруіштің өзі сияқты сезіледі.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты