Octavio Paz. Walt Whitman поэзиясы

 378e72f85933826bd88054b8efe3acc1.png (758×885)

Whitman-ның тау бұлағындай арынды, таза және өзіне шексіз сенімді, демократияның айнымас жаршысы болатын себебі - онда Aмерикa құрлығына тән миф пен шындық бір арнада жатыр. Whitman-ның өлеңі асқақ әуенге құрылған ұлы болжам сияқты, бірақ ол болжам одан да алып, зор дүниені - үмітті төбесіне көтеріп тұр. Whitman-ның өлеңі Aмерика құрлығы туралы көрген түске ұқсайды, себебі Aмерика құрлығының өзі шынымен түс сияқты дүниеден туындады. Америка құрлығының шындығы қиялға бай дүниелермен астасып жатыр, оның тауы мен тасы, қалалары мен халқы үлкен армандармен жалғанған үміттен қаланғанын біз білеміз. Басында ол қиял ғана болды, тап бір үлпілдеген жеңіл қауырсын сияқты салмағы да жоқ еді. Айталық тарих тұрғысынан оның салмағы жоққа тән болатын. Ол тап-таза болашағымен ғана өмір сүретін болмыс еді. Whitman әне сондағы өткенді емес, болашақты жырлады. Ол утопияны өлеңге қосты. Менің бұл сөзімді Whitman-ның өлеңінде шындық жоқ немесе ол таза қиялға тән бос дүние деп түсініп қалмаңыздар. Мен мұнда оның өлеңінің мәйегінде жатқан түйінді – шындықты айтып отырмын. Whitman-ның өлеңіндегі бар болмысты сен кеше мен бүгіннен таппайсың, болашақтан ғана табасың. Оның бойында жатқан дүлей күш, құдірет, салмақ та сонда. Whitman түсінде үлкен түс көрген. Оның шындығын шындыққа айналған сол түстен іздеу керек.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты