Edmond Jabès. Сұрақ біреу, жауап сансыз

a8fb71d55bf4ed0779ff3ddabeeadb74.jpg (640×480)

Бейшындық та өмір сүреді. Шындықтың шеңберінің сыртында да болмыс бар.

Сұрақ біреу, жауап сансыз.

Жалғыздық адамды толық адам етіп шығарады.

Таудың басында тұрған адамға қарағанда етегінде тұрған адам өзіне бір табан жақын.

Біз ақиқаттың ұлы емеспіз, жауымыз.

Қиялың қанша тамыр тартса, ойың сонша ұшқыр келеді.

Өмір мен өлімді бір ғана перде бөліп тұр.

Білетін адам аз болса, құпия деген сол. Білетін адам көп болған сайын, ол дүниенің шешуі де күрделі болады.

Біз өзімізді жоғалтқанда, рухани мекенімізді іздей бастаймыз.

Жауапсыз дүниеге бастап баратын жолдар шексіз.

Мүмкінмен мүмкін емес дүниенің арасында нақты шекара болмайды.

Есік кілтсіз ашылғанда ғана іштегі дүниені анық көре аласың.

Поэзия тұнығыңды шайқайды, ойдың толқыны деген сол.

Бүкпесі жоқ ақындар міндет арқалағыш келеді.

Дана адамдардың сөзі байлар мен кедейлердің әр кеуіне де жақпауы мүмкін. Аш адамға жаның ашыса, негізі, жыла бірақ, дауысыңды шығарушы болма.

Жұрттың бәрі оқып жүрген өлең, бір өлең емес.

Тасада, бостықта тұрған дүниелердің байланысын түсіне алсаң, ақын мен поэзияның қатынасын түсіне алғаның.

Аударған Ardakh Nurgaz

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты