Czesław Miłosz. Олар, білсе ғой...

0a4767a3333cb762b20cf29b580ea77a.jpeg (468×600)

Мен әмбебап әдебиет пен музыка, жарнамалық дүниелерден туындаған философиялық түсінікті қабылдай алмаймын. Маған көшеде кезіккен жандар – ерлер, әйелдер өз терілерінің аумағында қалып қойған тіршілік иесі сияқты сезіледі. Алайда, оларда да сезім бар. Олардың тәні мен рухы белгілі бір аумақта үндес, тілдес. Адамды тән мен рух бөліп алып, аралас-құралас билейді. Уақыт оларды бір орында тұрып қалмайтындай етіп күнбе-күн азат етіп отыруға тиісті. Өзін азат етпеген адам адамдығынан әлсірей бермек. Айталық уақыт деген өзінің құйрығын өзі тістегісі келетін, бекер арпалысатын жылан емес. Әлгі ер мен әйелдер соны түсінуге тиіс еді. Адамзат мәдениеті болмысының түпкі қайнар көзі де осында жатыр. Талай жылдың алдында Польшада ауыл арасының шаңдауыт жолымен келе жатқанмын. Жол шетінде шалшықта бір топ үйректің лай суға шомылып жатқанын көріп, ойланып қалдым. Жақын жерде ғана орман арасында тұнық өзен ағып жатқанын білетін едім. «Неге олар өзенге барып, тұнық суға шомылмайде?» деп сұрап қалдым қасымда келе жатқан ауыл ақсақалынан. Сонда ол кісінің: «я, олар жақын жерде өзен барын білгенде жақсы болар еді...» деп жауап бергені бар.  

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты