Karl Jaspers. «Құндақталған ой-сана» (Zniewolony umysł) кітабына алғысөз

923f9a1481afc9833e8054017e95cbd6.jpg (1080×816)

Czesław Miłosz-дың «Құндақталған ой-сана» (Zniewolony umysł) деген тақырыппен жарық көрген бұл кітабын мақалалар жинақ немесе маңызды сараптамалық еңбек, деп қабылдауға да болады. Автокаратиялық елдердегі биліктің ой-сананы құлдықта ұстау тәсілін біз нацистер билікке келген тұста анық бастан кешкенбіз. Сол кезеңде сыртқы көріністе күнделікті айтар сөзің, жүріс-тұрысың, ішкі жандүниеде түйсігің мен көңіл-күйің дерліктей қадағалаудан қашып құтыла алмайтын. Міне осы көрініс бүгінде Шығыс Еуропа мемлекеттерінде, жүйеден Польшада айна қатесіз қайталанып жатыр. Бұл жағдай өзге батыс елеріне қарағанда, бізге – батыс Германиялықтарға нақты сезілетіні анық. Өйткені, сондай жағдай дәл біздің де бастан өткен. Өтірік пен шындық, қолдау мен қарсылық миша былығып бір дүниеге айналып кеткендіктен, қайсының дұрыс, қайсысының бұрыс екенін білуден қалған қоғамның бейшаралығын қолыңыздағы кітап нақты өмір шындығымен өте анық, жинақы жеткізеді. Сау дүниені аяусыз күйрету, солай істеу өте дұрыс нәрсе сияқты (осылай ойлаудың ақыры сұмдық нәтижеге апарып соғатыны анық қой) сезілетін ортада басы сергек, ойлана алатын адамның түсінігі, сірә қандай болады. Czesław Miłosz өзіне ғана тән көп арналы нәзік сезімталдықпен осы сұраққа жауап берген. Біз адамдардың іштей қалай өзгеретінін, тіпті бірте-бірте өзіне-өзі қарсы жұмыс істеп, соңында бір тәнде екі түрлі адам ретінде өмір сүруге дейін баратынына куә боламыз. Соның нәтижесінде әлемде үлкен қауіп туындай бастады. Біз батыстықтар өз басымызда ешқашан мұндай жағдай орын алады деп ойламайтынымыз анық...

Соңында айтарым бұл кітап ортаға бір сұрақ тастайды: адам баласы рухсызданса болды, өзінде барды бағалай алмай қалады, оның ақыры қашанда ауыздықтауға болмайтын дағдарыстарға жол беріп, өз аяғымен үлкен қиындықтарға, рухани құлдыққа барып ұрынып жатады. Неге солай? Мұнан тыс бұл кітаптың тағы бір ескертпесі бар. Ол – өтірік арқылы шындықты тас-талқан етіп жеңіуге болады. Соның бір көрінісі қайшылықты алға тартып, соған сенім артып «солай болуға тиіс» деген түсінікпен құрдымға құлау...   

 

1953 жыл.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты