Ezra Pound: Өлеңнің түрлері

663cc35c7b0a6f9623d294fd4c7a2651.jpg (600×467)

Орашолақ сыншылар тозығы жеткен терминдерді ежіктеуге үйір. Олардың көбі осыдан үш жүз жылдың алдындағы адамдардан қалған дүниелер. Тағы бір халтүршік жазғыштар бар, олар аты затына сай емес шығармаларды қашанда әдеби ортаның төріне тықпалап әуре болады. Біз оларды сынның тезіне салып, баптап тұрып қауызы мен дәнін айрып сындасақ қана, өз жөнін табады. Сының керегі де сонда. Біз білетін тіл өнері өзіне тән болмыспен өмір сүреді.

Басқаша айтқанда үш түрлі өлең бар.

Әуенді өлең (Melopoeia), онда сөздің жеткізер мағынасынан тыс, өзіндік әуен болады. Сол әуен мағынаның күйі мен барысына ықпал етеді.

Образды өлең (Phanopoeia), онда образ көру түйсігінің болмысына сай өмір сүреді.  

Ақылдық өлең (Logopoeia), оларда «сөздердің арасындағы парасатқа бүйрегі бұрылып тұрады», басқаша айтқанда сөздің тіке мағынасы мен ауыспалы мағынасы сабақтасып жатады. Сөздердің қолданысы көбінде бірсыдырғы, қалыпқа сай бола бермейді. Бұл өлеңдерде жоғарыдағы екі түрлі өлең өрнегінің табиғаты, айталық эстетикасы қамтылмайды. Өлеңнің бұл түрі жайырақ пайда болған, соған қарамастан жұрт арасында көбірек қолданылады.

 Әуенді өлеңді сезімтал шетелдіктер оқыса да, сөздің мағынасын түсіне алмағанымен өзінше қабылдай береді. Мұндай өлең бір тілден екінші тілге аударығанда көп дүниесінен айрылып қалуы мүмкін. Тек өзгеше бір жағдайларда сәті түсіп екінші тілдің табиғатымен үндесіп кетпесе. 

Бұған салыстырғанда  Образды өлең толық аударылады, деп сеніммен айта аламыз. Жақсы шыққан  Образды өлеңді өзге тілге аударғанда өзіне тиісті образ табуға толық мүмкіндік бар.Тек өлең мылжың болып, оқырманның талғамын талақ етпейтін болса ғана жетіп жатыр. 

Ақылдық өлең аударуға келмейді. Бір қарағанда онда не айтылып жатқанын аударуға болады. Бірақ, ол көбінде өлеңнің өзінен ажырап қалып жатады. Басқаша айтқанда аударма поэзияның түпкі құрлымынан алшақ қалып жатады.           

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты