Rabindranath Tagore: Рухтың қараңғы тұсы

272e202c822dc93d2c0a5c9b41ce9388.jpg (468×460)

Өзімшіл, пайдакүнемдік, нәпсі біздің рухымыздың тұнығын қашан да лайлап, күңгірттендіріп тұрады. Сол қараңғылықта біздер рухымыздың шекті бөлегін ғана бағамдап, тани аламыз. Біз тар шеңбер ішінде шектеліп тұрамыз. Бізде рух туралы анық түсінік болғанда ғана әлгіндей қараңғылықтың құрсауынан құтылып, өзімізден шығып, жалпы үлкен әлемнің кеңістігіне кіреміз. 

Үлкен кеңістікке, ғарыштық санаға жету әуелі өз бойымыздағы рухымыз сіңген сананы түсінуден басталады. Өзімізден шығып үлкен сананы түсіну рухымыздың бейімделуге, жетілуге баратын бірінші қадамы саналады. Біз өз мәніміздің рухтан тұратынын шынайы көз жеткізуге тиіспіз. Өзімізді жеңіп, сызып алған шеңберімізден шығып, менмендіктен, ашкөздік пен қорқыныштан құтылсақ көз көрген дүниедегі қимастай көрінетін құндылықтар, тіпті өлімнің өзі біздің рухымыз бен ақиқаттан ештеңені бөліп-жарып алып қала алмайтыны сынды түпкі түйінге шын көз жеткізе аламыз. Балапан жұмырытқаны жарып шыққан сәтте ол өзін шектеген қатты қабыршақтың өз болмысының айрылмас бір бөлегі емес, өлі зат екенін, онымен бірге өсіп-өнбейтінін, қанша жерден берік, сындарлы, әдемі болса да, онымен бірге сыртқы әлемге қол созып өркен жаймайтынын түсінеді. Балапан әлгі қабырға керемет болса да сол қабыршақты тесіп шыққанда ғана таза ауа мен бостандыққа, қала берді құсқа тән сапарды, болмысты соңына жетуізуге мүмкіндік алатынын түсінеді. 

Бұл жан иесінің түлеу барысы, өзін қоршаған қараңғылықтан сытылып шығып, рухын нұрландырып, өзін қоршаған дүниемен тіл табысудың барысы. Немесе өзің мен әлемнің бірлігін табу барысың.  

  

R.Tagore. «The Realisation of Life»

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты