Jean-Paul Sartre. Иван кім немесе тіріөлік жандар

aed987a7be43fadf3cf4721a99279cf7.png (750×400)


Иван кім? («Иваново детство») Жынды, жұмбақ тұлға немесе батыр шығар?  Ақиқатында ол соғыстың қасіретті құрбандығы. Кім болса да жаны ашымай қалмайтын сәби. Енді бір тұрғыдан, ол көзін ашқаннан қатгездікпен суарылған, сонымен өсіп жетілген адам. Нацистер оның әке-шешесін, ауылдастарын өлтіргенде, оны да өлтірген. Бірақ, ол тірі, тірі болғанда сол әке-шешесі мен ауылдастары қасында жантәсілім болған сәтімен ғана тірі. Мен мұндай балаларды Алжирия соғысы кезінде кезіктіргенмін. Олар үшін шынайы өмір мен қорқынышты түстің айырмасы жоқ, қайта, бір нәрсе сияқты. Оларды біреулер өлтірген, олар да біреуді өлтіргісі келіп тұрады. Олар өзге замандастарына қарағанда ерте есейгендей көрінеді, бірақ, онысы өшпенділік пен қасіреттен бас сауғалаудан ғана тұрады. Түнде, көзі ілініп кеткенде, олар қолдарында көк темір де жоқ қорғансыз, қасіретті, жан ұшырған бейшара жандарға айналып шыға келеді. Үрейлі түс олардың өмірімен біте қайнасып жатыр. Иван, әне сондай кейіпкер...        

Белгілі мағынадан алып айтқанда, мен А.Тарковсикийдің (Andrei Tarkovsky) филімдері толықтай орыстық ерекшелігіне ие деп қараймын. Ондағы өзгеше қолтаңба мен стильден біз соны танимыз. Батыста, біздер Jean-Luc Godard-ша тездік пен Michelangelo Antonioni-ша байырқалауға үйренгенбіз. Ал осы екі уыздан қанбаған үшінші біреудің оларды толықтай өзіне сіңіріп және сол барыста ешкімге ұқсамайтындай ерекшелікпен көзге түсуі, бізді таң қалдыратыны рас. Режиссер соғысты сондай бір жатып алғандай жылжымайтын қолтаңбамен береді. Ал сенді бір жерде бір дәуірден екінші бір дәуірге еш қиналмай-ақ секіре салады. Оқиға мен сюжет еш қиналмастан қажетті жерде үзіліп, қажеті болғанда қайта жалғасып, өзіне керекті мәнерді тауып жатады. Рас, өмірде мұндай жағдайлардың ұшырсапайтыны анық.  

Адамның тағдырын әп-сәтте өзгертіп, құртып жіберетін жағдайлар кеше де, бүгін де, тіпті ертең де кездеседі (Мен Иванмен шамалас жастағы бір ұл баланың тағдырын білемін. Ол әкесі мен шешесінің Жаза лагерінде улы газдан өлгенін білген сәтінде пештегі отқа май құйып өзін өртеп жіберген болатын) Бірақ, сондайды бастан кешкен адамдардың бәрі дерлік өз басынан өткен қасіретті мынау әлемге жеткізіп айтуға мүмкіндігі жоқ. Біз қаскөйліктің не екенін білеміз, бірақ, оған тура қарап нақты жауап беретін кезіміз көп емес. Осы тұрғыдан келгенде аталған фильм («Иваново детство») жандүниеңді астаң-кестең ететіндей құдіретке ие... 

Меніңше, А.Тарковсикийға бірілген ең жоғары марапат ол ие болған «Алтын арыстан» сыйлығында емес, қайта миллиондаған көрермендердің оның фильмін көріп соғыстың сұрқия кейіп-кеспірін шынайы тани алғандығында.   

     

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты