Georg Trakl : Элиске (To The Boy Elis)

6d9bcd26fb8e075c89ae46a0feaf4d92.jpg (620×413)


Қара орманда қара торғай шақырса, Элис
Ол сенің ақырғы сәтің,
Ернің сенің көгілдір тау бұлғынан қанып ішетін болады.


Бәрін ұмытшы, Элис, самайыңнан сорғалап қан ақса
Аңыздар басталатын,
Ұшқан құс тылсым жұмбақта шиырлайды.


Рас, сен еліктей жеңіл қадаммен түн қойнына сіңіп барасың,
Айнала самсаған алкүрең жүзім моншағы,
Көгілдір нұрдың құшағында құлашыңды рахаттана жазасың.


Қопа арасы мүлгіген тыныштық,
Күңгіріт жанарың үнсіздікте тұншығады.
Ау, Элис, сен өмірден өткелі қанша жыл, қанша ай болды деші.


Тәнің сенің желмен жайқалған қоңыраулы гүл тәрізді,
Дәруіштің қолының табы қалған.
Қараңғы түнек қашанда сен кеуіміздің көкірегімізде көлкіиді.


Мезгілсіз сәтте кешпесті кешіп өтетіндер бар,
Әр басқан қадамының салмағын, оның өзі ғана сезеді.
Сенің ұзақ ұйқың қараңғыда тамған тамшы... үзіліп, жаңғырады.


Жанған жұлдыз жарқырап барып сөнген нұрлы шырақ.


Аударған Ардақ Нұрғазы


«Бұл Trakl-дың өмірінің соңғы он сегіз айында жазған өлеңдерінің бірі, әйгілі «көгілдір дүние» кезеңіне саятын туынды. Өлең қарама қарсы образдардан тұрады, олар: шат-шадыман бау-бақ пірі Idyl мен тас түйін бүркенген дүлей қараңғылық пірі. Солардың арбасқан, алысқан, бірі-бірі жұтып, құрдымға бет алған, сұмдық образдардың биі...» 

«Trakl-дың поэзиясы өз жандүниесінің суреті тәрізді, ырғақты, импрессионзмдік сурет ағымының қолтаңбасы сияқты алуан бояумен тұнып тұр. Ол Еуропаның өлара бір кезеңінде, ескі мен жаңа тәртіп орын ауысып жатқан тұста шығармаларымен өз кезеңінің рухан аспанына айырықша сәуле шашқан, орны өгейсімейтін бірегей тұлға. Оның өлеңдері суретке де, әуенге де тұнып тұр, екі түйсікке де ғаламат әсер етеді. Ғаламның ақырғы сәтін бірден көз алдыңа тартады...» 



Ақын туралы сілтеме:

https://talkaboutpoetry.wordpress.com/2016/03/29/trakl-the-elis-poems/

https://magmapoetry.com/archive/magma-70/articles/georg-trakl-a-visionary-poet-in-europe/

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты