William Yeats :Сона (Long Legged Fly)

e96d691c31e2fd37c47b609829df1ffc.jpg (727×651)


Ұлы шайқастар да жеңілмей,

Өркениеттердің қирамауы үшін,

Иттер тынған, аттар алыстағы мамағашқа байланған.

Біздің ұлы сарбаз Сезар шатырында, 

Алдына картасын жайып тастаған,

Көзін содан бір сәт тайдырмайды,

Кең маңдайын бір қолымен тіреген.


Су бетінде жүзген ұзын сирақ сона сияқты

Ойы оның тынық түнді кезген.


Ұшар басы көрінбейтін мұнараны өртке орау үшін,

Жұрт оның сұлу жамалына құмар болды.

Айызың қанбаса бұған,

Мимырыт тыныштықта ереуілдеуіңе болады.

Бағып тұрған жан болмаған шақтарда,

Ол ханым немесе бала болып көрінетін.

Аяқтарын көшедегі кезбенің сүйрете басқан адымына ұқсатып бимен басатын.


Су бетінде жүзген ұзын сирақ сона сияқты 

Ойы оның тынық түнді кезген.


Жүзіне сезімнің алауы жүгірген жас сұлудың

Өзегін өртеген жанды алғаш көргеніндей,

Бас шіркеудің дарбазасын да тас қылып жап, 

Сырытта шулаған балалар кіріп кетпесін.

Сүйеуіш ағаш үстінде жатқан Микайланчило,

Саусақтары оның еппенен жылжыйды.


Су бетінде жүзген ұзын сирақ сона сияқты 

Ойы оның тынық түнді кезген.


Аударған – Ардақ Нұрғазы


Ardakh Nurgaz: «Бұл 1923 жылғы Нобель сыйлығының иегері, Ирландия ақыны У.Б.Йейтстің (William Butler Yeats 1865 — 1939) «Ұзын сирақ сона» деген өлеңі. Ақының өмір бойы қаламын тайдырмай жырлаған тақырыптары — Ирландияның ұлттық тәуелсіздігі үшін арпалысқан саяси күресті, махаббатты және өнер тақырыбын бір басына толық сидырған өлеңдерінің бірі...»


Мақаланың толық нұсқасы: http://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=3&id=3455

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты