Philippe Jaccottet: Азалы шақ

2cc66c8121a1a7aa5a15a364da98a79e.jpg (644×429)


Жұрт үнсіз

Сүйек шығатын үйде отырмыз

Жұрт қолдарына шырақ ұстап алған

Біз оны ұзатып салмақпын


Мен есіктің көзінде

Аз кідірдім

Аз кідірдім де бір-екі ауыз сөйледім

Оның ендігі басар жолы жарық болсын дедім


Қар жауып тұр

Жұрт үнсіз бұрқасында 

Үнсіз кетіп барады

Тәңертеңгі шақ

Дүние аппақ

Ештеңе көрінбейтін аппақ дүниеде 

Әлдебір құс дауысы естіледі


Аударған – Ардақ Нұрғазы


Yves Bonnefoy, André du Bouchet және Francis Ponge дер сияқты Philippe Jaccottet әдебиет майданына Екінші дүние жүзілік соғыстан соң көтерілген француз тілінде жазған лирик ақын ретінде белгілі. P.Jaccottet-ның өлеңдері қою лирикалық стильімен, сондай-ақ поэзияның өзіндік болмысы туралы ойға беріліп тұратын қасиетімен ерекшеленеді.  Өлеңдері өмірдің өзінен үізіп алғандай жинақы, көбінде афаризмдік белгілері қанық. Бір қарағанда өте қарапайым сөз-сөйлемдердің тасасында өзгеше кеңістік жатады. Оны бақылау мен жеткізудің арасындағы поэзияға тән, дәстүрлік дүниелерден басқаша мүмкіндіктер ұсынатын, мәдениеттік белгілердің көп қырлылығын аңдатар қасиет деуге болады. 

Қазір Philippe Jaccottet-ны Еуропаның көзі тірі ұлы ақыны, деп атауға толық негізіміз бар. Ол қаншама жылдардан бері Нобель сыйлығының үміткері болып келді...

Ақын туралы сілтеме: https://www.poemes.co/philippe-jaccottet.html

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты