Қанат Омар (Kanat Omar): Pезервациядан өлеңдeр (стихи из резервации)

7818ecccd54bf532506e1c59f533dffe.jpg (610×491)


Дала елестер мекені, шөліркеген, жартылай су шайған, күн қақты жолдар

Түтін,  электростанциядан баяу көтерілген шаң-тозаң аспанда мамырлап барады,

Қара жерді қайыстай тіліп келе жатқан пойыз  өткеннің көз үшында  бұлдырар керуенін еске салады,

Бір кезде бабалардың тақымында ойнақтаған болат тұяқты тұлпарлар сағым қуған өлке.

Бұл дала, теңіз, ақ шаңытта аспанмен тұтасып кеткен Арал – уақыттың көшінде жоғалып кеткен теңіз.


Ұзаққа созылған кинотаспадай жолдар өткен күндер мен түндердің куәсі секілді

Кантинер басқан камаздар жиі, дөрекі сегнал береді, бір қиырдан тауар тасып жөңкіліп жатыр,

Не екен оның ішіндегі? Бізге беймалым ол ертегінің  алтын салған сандығын елестетеді...


Ағылып жатқан көліктермен ілесе айнала тынымсыз, сәт сайын өзгеріп жатыр,

Өзгермей тұрған жол шетіндегі станция ғана, станция да пойыз күтіп қысқа пальто киген бір қыз тұр,

Теңіздің құрғақ ауасы қыздың күреңіткен жүзін шалады.

Оның бар үміті әзірге көзге көрінбей тұрған пойызға шығу, мынау ортадан кету, аңсаған Аралға жету.


Екі ұшты өмір-ай, артына хат қалдырғысы бар оның, бірақ кімге, неге қалдырады, оны өзі де білмейді,

Аңсаған, арбаған, үміт артқан Арал теңізінің де орнында жоқ екенін білмейтіні сияқты. 


Аударған - Ýlbazar Ilıasova

өңдеген А.Нұрғазы


Қанат Омар: Ұйқас қашанда ақынның досы, оның қашанда, бұрында маңызы зор. Өзгеше бір кезеңде сен ұйқастың әуеніңді өз еркіне бағындырғанын сезінесің. Марина Цветаеваша айтқанда «ақынның үні өз тынысын табады». Ұйқас ақынның еркінен тыс өмір сүретін өзіндігі бар өзгеше күй. Мендегі ұйқастың да өз ерекшелігі бар. Ол икемді, айталық су сияқты. Су өте таныс дүние, бірақ ол қарапайым емес. Біз бүгінгі өлеңде өзгеріс болғанын да ұмытпауымыз керек. Ағылшын тіліндегі поэзияда ұйқас мәселесі әлдеқашан шешімін тапқан дүниеге айналды. Бірақ, қатып қалған дүние жоқ. Менің де ұйқастыратын кезім болады, солай барлық қызықтар мен қалжыңдар ұйқастырылған, ол қажетке қарай болады деп ойлаймын.       

Ақын туралы сілтеме: https://vlast.kz/writers/15000-kanat-omar-poet-muzyka-cestnee-slova.html

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты