Ardakh Nurgaz. «Қияда» және «измдер» қақтығысы

13197ca2ece643355053291f416153a5.jpg (338×350)

Оқырман шығарманы қолына алғанда, оған ең әуелі: «автор не айтпақшы, ол маған нені жеткізбекші?» деген ой келетіні анық. Бұл сұрақтың қарсысында тұрған авторда да осыған жақын бір түсінік болады. Дегенмен, ол түсінік оқырмандікіндей бірден аңғарылатын ашық, анық емес, қайта бүркелген, күңгірт. Бұл күңгірттік біз айтпақшы болып отырған автордың санасындағы Тұман .

Тенізді тұман бүркегенде теңізшілер өлеусіреп көрінсе де, маякты - жол сілтейтін жарықты іздейді, соны қалай да тауып алғысы келеді. Автор да қолына қалам алып үнсіз жатқан сөздерді тірілтіп, оған жан шақырған екен, ендеше, ол да өз маягын табуға мүдделі (оқырман осы маякты бірден көргені мен, бәрі бірдей оның сарғыш немесе қызыл шырақ екенін айыра бермейді. Дегенмен теңіздегі маяк жарығының күшті-әлсіз болуы қашанда тұманға байланысты болатынындай, автордың санасындағы маяктың жарығы да түп болмысында, санадағы тұманға қатысты. Сондықтан да оқырман ретінде автор көтеріп тұрған маякка қоса сол маякты қыландатып тұрған тұманға да назар саласың. Айгүл Кемелбаеваның санасында адам болмысы туралы бір ойлы дағдарыс бар. Ол уақыт пен кеңістіктің торындағы адам тағдыры турасындағы толғаныс.

«Кияда» әңгімесінде («Қазақ әде биеті». 8.10.2004) соғыстың өтінен, өлімнің дәл өзінен аман келген Түсіпханның бейбіт күнде, таудан ағаш әкеле жатқанда ауған арбаның астында ағаш басып қалатын суреті, әне, осындай толғаныстан туған. Түсіпхан ағаш астында қалғандағы нақты көріністерге жазушы көп сия шығындамаған. Оқырман үшін әңгіменің бұл тұсы күңгірт, қараңғы, осы қараңғының аржағында, анықтап қараған адамға жазушы көрсеткісі келетін бір келбет бар. Дегенмен мұндай көрініске ғажаптанбаңыз. XX ғасыр әдебиетінің өзі осындай көптеген келбеттерден тұрады .

Тіршілік үшін, адам баласы үшін тағдырдың жазуы біреу:басталған сапардың соңғы бекеті - өлім. Алайда өлім трагедия емес, қайта мағынасыздық. Адам өлімді трагедия, деп сезіну арқылы мағынасыздықтан мағына тудырғысы, оған салмақ бергісі келеді. Өзінен, өмірден мән-мағына іздеп, өз рухына таяныш, мәңгілік мекен қарастыруға тырысады. Тіршіліктегі саптардың өтпелі екенін, оның мағынасыздығын біліп, сезіп тұрса да, одан үміт күтумен болады. Тегінде адамның әлсіздігі иықтан басқан салмақтың ауырлағанда емес, қайта сол иықтан басқан салмақ шексіз жеңілдеп кеткенде танылады. Мұны түсіну қиын емес. Адамның қолынан Отан үшін, немесе сол сияқты бірер ұлы іс үшін кеудесін оққа тосу келеді. Алай да қасындағы серігінің оғынан мағынасыз өлуді ешкім каламайды. Адам үшін ұлттық дәстүр, өлім ұзату жолдары оқырман ретінде бізді еш жатырқаттайды. Әсіресе ұрпағы жоқ адамның көзі етіп мінген атын соңына қалдыру, автордың осы шығарманы жазуда барынша мән берген, оқырманына тартқысы келген сыйы сияқты адамға терең әсер қалдырады. Әңгімені оқып отырып адам тағдырына «әттеген - ай» деп қалсан да, өлімнен кейін он жеті жыл тірілердің арасында жүрген ер қанаты аттан туындаған ыстық сезім бірден бойыңды жылы ағыстай шарпып өтеді. Әңгімеде ағашқа бастырылған Түсіпханның өлуіне жанамалай себепкер болып уақыт пен кеңістіктің ортаға шығуы, Түсіпханның бәрібір өлімнен қашып құтылмайтыны, шығармада бір емес, бірнеше жерден жоқтау жырының берілуі автор санасында өзі жазып отырған дәуірмен қоштасқандай бір елестің шиырлап жүргенін де аңғартады. Бұл ұлттық құндылықтардан айырыла бастаған бүгінгі біздің қоғамның бір бейнесі ме? «Қияданың» бойынан бірнеше дәуір жазушыларынынң қолтаңбасын кезіктіресін. Айгүл Кемелбаеваның санасын да сонау О.Бальзактан тартып , Оралхан Бөкейге дейінгі реализмнің елесі бар. Ол елес Айгүл Кемелбаеваны мықтап шырмаған, жазушы одан құтыла алмайды, тіпті мұжитын тақырыпқа күйі келмей қалғанда да, ол бәрібір сол дастарханның басынан табылады. Ал әңгіменің көтерер тақырыбы – XX ғасыр әдебиетіндегі негізгі тақырып – адамның тіршілік болмысына, мәніне үңілу. Осы тақырыптың бір өзінен XX ғасырда қаншама измідер өріп шықпады? Бұған және кем болса болмайтын ұлттық құндылық пен төбеден төніп тұрған постмодерин жағдайын қосыңыз.

Франц Кафканың бүкіл шығармасы осы Түсіпханға ұқсас, «қақпанға» түскен адамның жан-дүниесін қазбалаудан тұрады.Біз Кафканың кейіпкері «К»-ның кім екенін біле бермейміз, қайдан келгенінен де хабарсызбыз, Кафка оның тарихын жазбаған, тіпті біз оның толық аты-жөнін де білмейміз. «Айыпталушы » романындағы «K» болсын, «Қамал» романындағы «K» болсын, әлде «Індегі» тынымсыз iн қазған әлгі мақұлық болсын-бәрі де тынымсыз тыпыршыған, жанұшыра жанталақан жандар. Бұл жағынан оларды Түсіпханмен жақын туыс деуге болады. От пен судай отаспайтын «измдердің» тасқынына көміліп кеткен Айгүл Кемелбаеваның мұндай тығырыққа тірелуін «сәтсіз талпыныс» деп әсте айта алмайсың. Күні кеше Уильям Фолкнерде «Айқай мен Кек» романын дәл осы Айгүл Кемелбаева сияқты «шағын әңгіме жазамын» деп бастаған болатын. Жазушының еске түсіруінше, оны жазуға итермелеген көз алдынан кетпей қойған бір көрініс екен. Онда топталып тұрған үш ер баланың арасынан бір қыз бала ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Су болған шалбарынын кұйрығы былғанып, батпақ болған оған өзгелер төменнен тамашалай қарап тұрады. Бүкіл романға осы шағын көрініс арқау болған. Жазушы әнгімесін қарап тұрған осы балалардың ішіндегі ең кішісі - ақыл-есі үш жасар сәбидің өресінде қалып қойған баланың тұрғысынан жазуды бастайды. Бәрі осылай басталған...

 Бұл тұрғыдан алғанда Айгүл Кемелбаевадан күтеріміз әлі алда деуге болады. Ал «Кияланы» біз сол өрістің басталуы, деп жориық.

01.03.2005ж.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты