У.Фолкнер.Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасына баға

ebfc60498a6d387ed8081aba85d683b9.png (805×447)


Бұл оның ең үздік шығармасы. Мұның біздің (Э.Хемингуэйді және өз замандастарымды айтып отырмын) қолынан келіп жаза алған ең керемет, ең үздік дара туынды екендігін уақыт әйгілемек. Бұл жолы ол құдайды тапты,жаратушыны тапты. Қазірге дейін оның қаламы туғызған ер-әйел кейіпкерлердің баршасы өзі қалыптасқан, өз балшығымен өздерін өзі жасаған еді; жеңісі де — өз қарсы жақтарының уысында, өздерінің қаншама қайсар, мықты жандар екені өздеріне және қарсы жақтарына сыпаттау үшін өмір сүретін адамдар еді. Бірақ, бұл жолы, ол мүсіркеу дейтінді тапты: мәлім жерде өмір сүріп жатқан мәлім күшті ауызға алды, осыларды — әлгі шалды жаратты. Шал сөзсіз әлгі балықты ұстайды, сонан соң одан айрылып қалады, қолды болу, онан соң жоғалу балықтың маңдайына жазылған, ал, шалдың қолынан балықты тартып әкету акулалардың еншісіне жазылған. Иә, ол осылардың бәрін жаратады, осылардың бәрін сүйіп, бәрін мүсіркейді. Мұнысы келісіп-ақ тұр. Құдырет тек Э.Хемингуэй мен менің сүйетін және мүсіркейтін күштерімді жарата бергей — ол күш не болсын мейлі — әйтеуір сол Хеймингуэйді шаужайлап, мына шығармасын сірә да өзгертпейтін ете көргей.


Аударған – Кәкеш Қайыржан

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты