Seamus Heaney. John Ashbery-дың поэзиясы

30763bc62b3463e2026d1a87d595eef7.jpg (2560×2099)

Отыз бес жылдың алдында, Berkeley-де (University of California) қолыма «Теннис алаңындағы серті» алғанда, шынымды айтсам, оқып ештеңесін түсінгенім жоқ. Өзім де оқып түсінуге онша құлықты да болмадым-ау, деймін. Ол кезде Olson мен Duncan әлдеқашан қиялап шапқанды үйреніп қалған еді. Оны істеуге де болатын еді. Бірақ, қазір журналдан John Ashbery-дың өлеңін кезіктірсем, мен, былай айтайын, оқып түсіне аламын. Мүмкін бұл менің АҚШ-та тұрып, бұл жердің ортасына үйренісіп қалғандығымнан шығар, одан қалса John Ashbery-де адамды ұйқыға жетелейтін керемет қасиет бар. Ол өзіне тән дүниені жасады және оған өзі дән риза. Дегенмен, біз қазір «911»-ден кейінгі әлемде жасап жатырмыз. Кезінде ол (поэзиясы) туралы «бір орталықтан қамдалатын дүниедегі түс» дегенде, менде John Ashbery өзінің жетерсіз тұсын жақсы сезінеді, деген ой болған. Мен оны қорашсынып тұрғаным жоқ. Тек оның шартты тұсы барын айтып тұрмын. 

Негізінде, менің айтайын дегенім АҚШ-тың бір дәуiрі өтіп кетті. Ол Robert Lowell-дың немесе басқалардың әуен-мәнерімен бізге жеткен кезең. АҚШ сексенінші жылдарда мұхиттағы алып кемеге ұқсайтын, өзінің дамуына, болашағына сенімді еді. Айталық, АҚШ толық жабдықталған, сырттың суығынан, аязынан, боран-шашынынан алаңдамайтын берік құрлыс сияқты болатын. Жұрт сондай ортада өмір сүріп үйренді. Қоғамда теке-тірес болады-ау, саясат құбылады-ау деген ой болған жоқ. Олар «АҚШ арманымен» тірлік кешті. Онда әрине «бір орталықтан қамдалатын дүниедегі түсті» көруге болады ғой. John Ashbery-дың поэзиясы, міне, осы өмірге үйлеседі. Ондағы орта тапқа кіретін адамдар көл-көсір тауар тұтыну мен зымыран текшелерінің ортасында өмір сүрді. Бірақ, әлгі қарама-қарсылықты сезінген жоқ. Қайта, өздерінше ойлап, өздерінше сөйлеп тыныш, сыпайы бейбіт өмір сүрді. John Ashbery жағдайға қанық кез-келген адам сияқты соғыс дайындығының ғаламат үрейін сезінер еді, бірақ, оның таланты мен мүмкіндігі мұндай қорқынышты жеткізуге ырық берген жоқ. Әрине ол Irwin Allen Ginsberg емес қой. Оның мүмкіндігі William Shakespeare-дың кейіпкерлеріндей «А, о, жел мен жауын» дегенге ғана жетті...


Дайындаған Ардақ Нұрғазы

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты