Milan Kundera. Төбедегі алтын күн шағылғанда...

7ca5d399ceb70429dda1879ec699d497.jpg (550×385)


(Автордың «Life Is Elsewhere» романының ағылшын тіліндегі нұсқасына жазған алғысөзі)


«Басқа жерде өмір сүру» (Life Is Elsewhere) — Ромбодан қалған нақыл. Оны А.Буридан əйгілі «Сюрреалисттердің жарнамасында» да ауызға алған. 1968 жылы мамырда Париж студенттері ереуілге шыққанда там қабырғаларына осы сөзді ұран етіп жазған болатын. Дегенмен, романымның ту бастағы тақырыбы «Лирика дəуірі» деп аталатын. Мен кітап басылуға əзір тұрғанда  тақырыбын ауыстыруды жөн көрдім, себебі баспагерімнің өң-тұрқынан «мұндай күрделі тақырыбы бар кітапты кім батылы барып сатып алар екен»  дегендей алаң барын байқадым.

Лирикалық дəуір, деп жастық дəуірді айтуға болады. Бұл кітап жастық шақты жырлайды, енді бір тұрғыдан айтқанда мен өзімнің «лирикалық күй» туралы түсінігімді келістіріп сарапқа салғым келді. Лирика кез келген адамның жан дүниесінен табылады; ол адамзат тіршілігінің айрылмас бір бөлегіне айналғалы қашан. Лирика əдебиеттегі өзгеше болмыс ретінде сандаған ғасырлар бойында өз өміршеңдігін бір сəтте жоғалтқан емес. Оның себебі адамзат лирикалық күйге иек артпай тұрмайды. Ақындар соның бірегей бейнесі.

Дəнтеден бастау алған ақындар тобы Еуропаның ең айтулы тұлғаларының қатарын сіретпей ұстап тұр десек, артық айтқандық емес. Олар — ұлттың символы ( Камоэнс, Гете, Мицкевич, Пушкин); төңкерістің жаршысы (Беренджер, Петефи, Маяковский, Лорка); тарихтың қатриасы (Гюгол, Буридан); өзіде мифке айналған жəне дінге мейлінше берілген тұлғалар (Байрон, Ромбо, Лерик). Солайда, олар ең əуелі аты затына сай қастерліліктің заңды өкілі, біз ол қастерлілікті үлкен əріптермен жазар болсақ, ол — ПОЭЗИЯ болып шығады. Бірақ, соңғы жарты ғасырда Еуропаға не болды? Бүгінде біз төбелері көк тіреген əлгіндей ақындардан алыстап кеткендейміз. Əлі көп нəрсенің байыбына бармай жатырмыз, біз шырғалаң мен шарықтап жүргенде, əлемнің аспанынан əлгіндей ақындарымыз аққан жұлдыздай сиреп кеткендей...

Баса көрсете кететін бір жəйіт, біздің бұл кезең бар болмысымен есі кеткен есірік төңкерістің жалына жармасқан дəуір болды. Төңкерістің балалары өз сенімдеріне мейлінше адал беріле отырып келешек қоғам үшін жанын сала өмір сүрді. Ақындарымыз болса тарихтың соңына келіп қалдық, деп ойласа керек, өздерін соңғы аялдамада, Еуропаның ақырға салтанатты пьесасын ойнап жатқан əртістердей сезінді, бірақ, олар театр қожайынының ақырғы сəтте қойылым жоспарын өзгертіп жібергенін, өздерінің басқа емес, даңғаза ойынның аты-затына сай күлдіргі əртісі болып бір-ақ шыққанын аңғарған жоқ-ау, деймін.

Мен «жендет пен ақын қосылып үстемдік құрған» дəуірге куə болдым. Біз құрмет тұтатын Франция ақыны Б.Элиуар ашық түрде өзінің Белградтағы достарынан бас тартатынын жария етті. Бұл іс (бұл тарихи оқиғаны мен «Күлкіде ұмыту» романымда жаздым) менің жан дүниеме жара салды: жендеттің адам өлтіруін қалыпты құбылыс деп қабылдасақ та, ол жендетті бір ақынның (ақын болғанда қашанда ауызға тола түсетін ақын) жырмен əрлеуі бар болмысыңды, дүниетанымыңды тасталқан етеді екен. Мына əлемде ештеменің қадір-қасиеті қалмағандай, төбеңдегі жарық күнің қарайып батқандай болады екенсің. Алға басу мен төңкерістің ара қатынасын зерттеудің маңыздылығы да осындай сəтте көзге түсті. Жастық шақ, ана, тіпті адамзат қала берді поэзия күмəн мен күдік аралас көп сұрақтың тасқыны астында қалды. Соған дейін қалыптасқан құн көзқарас күйрегенде, біртіндеп менің көз алдымда Яромердың (романның бас кейіпкері), оның анасы мен көңілдесінің образы пайда болды.

Яромерді əсте жексұрын ақын, деп ойлай көрмеңіз! Егер олай ойласаңыз жалаң түсінікпен малданғаныңыз. Яромер талантты, қиял мен сөз құдіретіне бай ақын. Ол табиғатында поэзиялық дарыны бар жас. Рас, ол сүркейлі ақын, бірақ ондағы жексұрындық біздің əрбіріміздің бойымыздан да табылып қалуы əбден мүмкін. Ондай дүние Ромбода, Шилерде, Гюголда да болған. Ол дəуірмен де шектелетін қасиет емес. Яромер көзалдағы дəуірдіңде туындысы емес. Дəуір тек адам бойындағы сондай бір қасиетке өз тұрғысынан нұрын төгіп, оның жарқырап жайнап ортаға шығуына ғана жағдай жасады.

Яромер мен оның анасына қатысты істер нақты бір кезеңге тəн етіп суреттелгенімен, мен оны шынайы бейнеде (еш мысқылдаусыз) көрсеттім. Дегенмен, мен дəуірмен шектеліп қалғам жоқ. «Менің бұл дəуірді таңдапалуым уақыттың осы кезеңіне қызығып қалғанымнан емес, қайта оның қайтып Ромбо мен Лермантовтарды қақпанға түсіріп, лирика мен жастықтың қадірін кетіргенін танып жету үшін», енді бір сөзбен айтқанда: прозаик ретінде адамның тарих толқынындағы болмысына үңілу; ондағы көкейтесті мəселелер: адамзаттың болмысы деген не? Одан туындайтын: лирикалық көңіл күй деген не? Жастық деген қандай кезең? Еркектің қалыптасуында оның Анасы қандай рөл атқарады? Тəжірибесіздік деген не? Одан қалса тұмсығы тасқа тию мен төңкерісті аңсаудың арасында қандай байланыс бар?...

Əрине, роман бұл сұрақтарға жауап бермейді. Осы мəселелердің романда көтерілуінің өзі жауап қой деп ойлаймын. Өйткені, Хайдеггердің «адам өмірінің өзі сұрақтан тұрады» –деген сөзі бар.

Бұл романды мен 50-ші жылдардың ортасында жазуды ойға алғам. Ол кезде мені «поэзияға қатысты сын» үлгідегі проза қалай жазылуы керек деген мəселе толғандыратын. Оның үстіне романың өзі де поэзиядан ешкем болмауы (поэзия сияқты құлпырып, құбылып тұруға) тиіс еді. Кітап 1969 жылы жазылып болды. Бірақ ол менің отаным Чекте жарық көрген жоқ. Тұңғыш рет 1973 жылы Францияда басылым көрді. Келесі жылы П.Кусеннің тамаша аудармасымен АҚШ-та шықты. Кейін бірнеше рет көңдеуден өтіп барынша сұрыпталды. Соданда мен талантты аудармашы ғана емес, нағыз өнер иесі ретінде П.Кусенге өзімнің зор алғысымды білдіре кеткім келеді.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты