Octavio Paz. Поэзия және сөйлеу мен тыңдау

f41f3bd90c00f62caed3f4d6f7c9a04c.jpg (770×577)


Барлық поэзиялық мәтінде жазу қашанда ауызекі тілдің болмысына арқа сүйейді. Кез келген өлең мәтіні қалыптасу барысында қаншалық нәзік, үлбіреп тұрса да көреген оқырман оның тасасынан бәрібір суретке тоғытылған, ішкі сезім ауанына бөленген, сөз бен тілдің қатынасынан туындаған мәтіннің әуенге бой ұруын сезеді. Өлең мәтінінен тұрған кеңістікті әуен мен мазмұннан тоқылған тор деп қарауға болады. «Un coup de dés jamais n'abolira le hasard» да осы негізде баспа көрген. Сондықтан, Stéphane Mallarmé өлең жинағына жазған алғы сөзінде: «өлеңнің алдыға, артқа толқуы, өршеленуі, ырғуы, өлеңді дауыстап оқудағы басты қағида да әуеннің болмысына бағынуға барып саяды» деп анық атаған. G.Apollinaire поэзиясының суреттік нұсқасында болсын, ауызша айтылымдары да әуенде жинақталып келіп мәтіннің түпкі болмысын қалыптастырады. Surréalisme поэтикасының бір әлсіздігі оның әуезділікке мән бермейтіндігінде. Олар жазған мәтінде сөз ойыны және әуен мен мағынаның қақтығысы, өкінішке орай, көп ұшырасады. Әдебиеттің басқа жанрларына салыстырғанда поэзияның әуен мен мағынаның өзгеше үндестігіне қажеттілігі ерекше. Бұл поэзияның басқа жанр түрлерінен формалық жақтағы басты өзгешелігін, мәндік парқын көрнектілендіреді. Поэзия дегенің әуенге құрылған сөз тіркесі, ол сөйлеу мен тыңдауға саятын сөздерден тұрады. Әсте жазу мен оқудан емес.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты