Louise Gluck. Ағылшын тілі менің ата дәстүрім әрі сарқылмас қазынам

b2f2251edcf00c89a227656cafc74b47.jpeg (1080×720)

Ақындықты шығармашылық сапа тұрғысынан айтқанда тілге болған шабыт деп қарауға болады. Мұндай шабыт тілдің ең кіші бөлшегі – сөзге қарата алапат сезімталдықтан тұрады. Өз басымнан айтқанда, мен төрт, бес жасымнан бастап өлең оқи бастадым, өлеңін оқыған ақындарды өзімнің досым сияқты сезінетін едім. Сол кезеңде, есімде қалуынша, менің жан сарайыма орныққан өлең жолдары өте қарапайым еді. Сондағы мені өзіне тартатыны мәтіннің көп жақты ықпалдастығы еді. Өлең қағаз бетіндегі әрбір сөз, әрбір тармақты қайтып байланыстырып, оларға жан беріп, қайтып ырғаққа келтіріп, қанатын қақтыратыны және сөзге бостандық беретіні еді. Мен солайша поэзияның сөзге жан, қуат, қазына, театрлық болмыс, жалпы тілге өзгеше, жаңа мүмкіндік сыйлайтынын түсіндім. Мен сөздің поэзия арқы құбылатынын сезіндім. Мен қағаз бетінде тып-тыныш жатқан, бірақ бір оянса, оны оқып-түсінген жанның зердесінде алапат сезім алауы мен күш-құдірет бағыштайтын өлеңдерге ғашық болдым. Мен айқайлайтын өлеңдерден қаштым. Мені өзіне тартқан этика мен лексиканың қос қабат сұрыптауынан шыққан, күшті образға мән беретін сөз-сөйлемдер болды.

Мен кішкентайымнан бастап өлең оқыдым. Содан болар мен өзімнің жандүниеммен сырласуға бейім едім. Балалық шығымда  W.Shakespeare-дың сонеттерін оқыдым. Кейін келе W.Blake, W.Yeats, John Keats, T.S.Eliot-тың поэзиясы мені өзіне тартты. Бірақ, мен оларға еріп кеткенім жоқ. Мен оларды ұзақтан қара тұттым. Мен олармен «одақтас» едім. Бізді бір тудың астына жиған ағылшын тілі. Ол менің ата дәстүрім, менің барлық қазынам. Ал олардан тыс, сәби өзіне тән адамзаттық сананың болмысына да жақындайды. Ол: уақыт, уақыт сыйлаған жоғалтулар, құштарлық және жарық әлемнің бір өзіне ғана тән дүние - сұлулық.               

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты