Sergio Pitol. Сервантес және «Дон Кихот»

3bab855bcf352c8e70c141c65d3a6a50.jpg (1000×749)


Жайшылықта, Испанияда немесе басқа елдерде болсын, Мигель де Сервантестің аты аталса, оны пайғамбар, қаһарман, тіпті сондай бір ерекше тұлға етіп айтуға бейім тұрады. 

Сервантес тойымсыз кітап оқушы болған. Ол Италиядағы кезінде сол кезеңнің барлық айтулы шығармаларын дерліктей қалдырмай оқыған. Римде бес жыл тұрақтап, отанына қайтуға қамданған кезінде оның ой-өресінде үлкен бетбұрыс болды. Оның өміріндегі әлгібір жекпе-жек сайысқа байланысты өлім қаупінің қатерін де естен шығармауға тиіспіз. 

 Сервантестің кезінде Алжир басқаларға қарағанда айта қалсын ашық қоғам болған. Ол жерде түрлі дін өкілдері тұрақтаған. Мұсылмандар мен христиандар, еврейлер, түрлі сала мамандары бір ортада күрделі жағдайда бірге өмір сүрген, теңіз қарақшылары, қылмыскерлер, түрлі топтар аралас-құралас болған. Сервантес осы қайнаған қайшылықтың қазанынан шыққан. Бұл сол кезеңдегі Испанияның жағдайына мүлде кереғар құбылыс еді. Сервантес ұқсамаған мәдениеттік, нәсілдік топқа жататын адамдардың қақтығысты, қайшылықты, бірақ, бірге өмір сүре алатынын көрді. 

«Дон Кихот» - ұлы шығарма. Ол жарық көріп көпке дейін испандар сауатты, білімді адамдардың өзі оны оқып түсініп кете алған жоқ. Оның ғажайыптау тақырыбы, кейіпкерлерінің болмысы, жанрының ерекшелігі романға мәңгі солмайтын нәр беріп тұр. Алайда, бұл шығарма осымен ғана тынбайды. «Дон Кихот» таудай таланты бар жазушының өмірінің әр кезеңінде басынан өткізген өмір тәжірибесін – Қайта өрлеу кезеңіндегі Италия, әскери сала, соғыс, Алжерия түрмелеріндегі адам айтқысыз сұмдықтар, түрлі түсті адамдармен байланыс, қайыршыдан қарақшы, қарақшыдан сопы, сопыдан суайыт көрген, қуаныш пен қайғыны, қиындық пен шаттықты бір басынан өткізген жанның күліп отырып жылап, жылап отырып күліп жазып шыққан туындысы. Сондықтан бұл романда бәрі табылады. 

 Дон Кихот – өз дәуірінен асып туған кейіпкер. «Дон Кихоттан»  кейін жазылған романдардың одан шабыт алмағаны кемде-кем. Одан реализмнің сан тарауы басталады – романтизм, символизм, импрессион, сюрреализм, абсурда, т.б. измдердің барлығы дерлік Сервантестің осы кітабынан тәлім алған.           

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты