Carl Gustav Jung: Ұлы шығарма қашанда көрген түс сияқты

0ef98de8132bcd09d1bc429a4071a482.jpg (564×547)

Ақын өз шығармасымен қаншалық қатысы барын білсін-білмесін, түбінде шығармасы оның өзінің таным аясынан шығып кетеді, бейне баланың анасының алақанынан шығып, өз алдына өмір сүретіні сияқты. Ақын шығармашылығының осы нәзік тұсы аңдаусыз санамен тіке қатысы бар. Шығармашылық сана өз кеңістігіне көтерілген тұста, аңдаусыз санада ағын қалыптасады, өз болмысымен өмір сүретін сол ағын жұмыс істей бастаған шақта шығармашылық иесі еріксізден оған жол бере бастайды, еркіне көнеді. Біз мұны ақынның тағдыры, деп атай аламыз. 

Адамзат болашақ бағдарынан айрыла бастаған шақта ғана өзіне бағдаршы талап ете бастайды. Ол адамзаттың аңдаусыз санасында жатқан күш. Адамзат бағытынан айрылғанда әлгі күш бірден аңдаусыз санада құтқарушы, пайғанбар, т.б. күш болып төбе көрсете бастайды. Сол арқылы адам баласының рухани тепе-теңдігін қайтадан қалпына келтіруге күш салады. Оның емшілік сипаты бар. Мұндай образдар ескі аңыздарда өте көп ұшырасады. Ақынның шығармашылығы да осыған жатады. Ақын шығармашылығы оның өзінен әлдеқайда кең аумақты қамтып жатыр. Ол заманның рухани талабымен үндескен аңдаусыз санаға тән өзгеше болмыс. Шығармашылық сана өте ауқымды дүние. Ол көбінде жеке адамға тән дүниелерді құрбандыққа шалып жіберетін қасиетке ие. Сондықтан да ақынның өмірі қайшылықты, соқпақты болатыны бар. Себебі, оның бойында екі түрлі күш қақтығыста болады: біреуі жеке адамға тән бақытты өмір, тыныш жаңдай, жайлы тұрмыс туралы талап болса, енді біреуі жоғарыдағының бәрін басып-жаншып кететін, тіпті оған қарсы жұмыс істеуі мүмкін шығармашылық талап. 

Ұлы шығарма қашанда көрген түс сияқты. Оны көретінің анық, бірақ толық түсініп кете алмайсың.  

C. G.Jung. «Психология және әдебиет» еңбегінен үзінді.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты