Bayan Ardakh: Қытай халқаралық жарна нарығынан кетпекші ме?

cf5dec50666b5fb2a1b4b1f2b310a632.jpg (799×532)


Әлем қазір анық бірнеше бөлекке ажырады. АҚШ, Қытай, Еуроодақ бастаған үштіктің тіресі алдымен көзге түсуде. Соларды негіз ете отырып ендігі әлем жаңа кезеңді бастап та кетті. 

Біз Гонкоңның әлемде Нью Йорк жарна нарығы, Лондон жарна нарығынан кейін үшінші орында тұратын халқаралық жарна нарығы орталығы екенін білеміз. Осы айда Қытай Гонкоңда елу жыл (1997ж. – 2047ж.) капиталисттік түзімді сақтауға берген уәдесін бұзып, тікелей идеологиялық-коммунисттік партиялық тәртіппен басқаруға ашық кірісті. Оған халқаралық қоғамның қарсы болғанынан қарамастан заңдық негіз қалады (28-мамыр). Бұл АҚШ бастаған батыс елдері мен Қытайдың арасындағы түбірлі айырмашылық – қоғамдық түзімдік айырмашылық – идеологиялық өзгешеліктің тікелей қақтығысына бастап барды. Біз жарты ғасыр бұрынғы Кеңес одағы мен АҚШ бастаған батыс елдерінің саяси-экономикалық теке-тіресінің жаңа үлгісіне куә бола бастадық.   

Бір айта кететін жағдай өткен жылы Гонкоң тұрғындары қытайлық коммунисттік құндылықта емес батыстық құндылықта қалатынын мәлімдеп екі миллион тұрғын көшеге шығып наразылық білдіргеннен тартып Д.Трамп бұл оқиғаның саяси мәніне онша ден қоймайтындай, тіпті Қытай билігінің саясатын қолдайтындай көрінген. Гонкоңдықтардың демократияны, бостандықты, адамдық құқықты қамтыған саяси талабын ашық қолдаған АҚШ президентінің, сірә, не ойы бар, деген сұрақ бүгінге дейін ашық қалып келді. Енді соған жауап табылған сияқты. Қытай Гонкоңның орнын әлсіреткісі келсе, АҚШ оған қарсы емес сыңайлы. Қайта, қалауы да сол сияқтанады. Себебі, Қытайды жалпы беттік қарсылас санау ашық саясатқа айнала бастаған бүгінгі күнде Гонкоңның дүрбелеңге ұшырауы ұзақ болашақтан алғанда АҚШ-қа тиімді. Ол Қытайды экономикалық жатқан әлсіретуде басты нысананың бірі. Соңғы отыз жылда Қытай экономикасына құйылған шетел қаржысының 70 пайызы Гонкоң арқылы енгенін ескерсек, бұл жолды тосып тастамай Қытай экономикасының дамуын ауыздықтау, тіпті, мүмкін емес нәрсе. Соңғы уақытта АҚШ қытай компанияларының елдегі жарна нарығына қатысуына қоятын талапты күшейтетінін жариялады. Бұл алда қытайлар АҚШ жарна нарығынан қаржы тартуда қиындықтармен ұшырасады деген сөз. Бұл жағдайдың орнын толтыратын бір таңдау әсілі Гонкоңның жарна нарығы еді. Гонкоңның халықаралық финанстық орыны әлсіресе ғана оның Қытай экономикасына үздіксіз қаржы құятын мүмкіндігі бірге әлсірейді деген сөз. Бұл түйінді АҚШ саясаты анық түсінетіні даусыз. Бұрын болса, Қытайға қарсы тұру үшін Гонкоңды ашық нысанаға алу түрлі қиындықтар әкелетін. Оның саяси салдары ауыр еді. Бүгін ойлаған жағдайда осы мүмкіндікті Қытай билігі өзі қос қолдап жасап, ұсынып отыр. Мұндай орайды кім болса да тиімді пайдаланып қалатыны анық. Осы реткі короновирус жүз мыңға тарта АҚШ азаматтарының жанын жалмады. Мұндай шығын АҚШ тарихында тіпті соғыс кезінде де болмаған екен. Бүгінгі таңда АҚШ ешкімді де аяйын деп отырған жоқ. 

Осыдан жарты жыл бұрын қытайлар Лондон жарна базарының аксиясына ие болуға ұмтылып көрген. Бірақ, ол жүзеге асқан жоқ. Енді Нью Йорк пен Лондон жарна базары ғана емес, Гонкоң жарна базары да қытайлар үшін көзден бұлбұл ұшатын түрі бар.    

Қытай сонда не ойлайды? Неге Гонкоңды түбегейлі ауыздықтап, өзінде қалған жалғыз мүмкіндікті, экономикадағы рөлін аяқтатпақ? Әлде бұл біреулер айтқандай Қытайдың шынымен есік-терезесін тарс жауып, бір кездегі тұйықталған экономикалық саясатына қайта көшуінің басы ма? Егер, Қытай баяғы тұйықталған социолисттік нарық жағдайына қайта бет бұратын болса, онда бұл елді алда үлкен сынақ күтіп тұр деген сөз. 

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты